HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
ЕСКЕРТПЕ: бұл мүмкіндікті Windows жүйесінде PCL 6 принтер драйверімен пайдалануға болады. Сол
драйверді пайдаланбаған жағдайда, бұл мүмкіндікті HP енгізілген веб-серверін пайдаланып қосуға
болады.
Бүкіл бет тым күңгірт немесе тым ашық болса, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/сапа) қойындысын басып, Print Quality (Баспа сапасы) аймағын табыңыз.
4. Бүкіл бет тым күңгірт болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
● Қолжетімді болса 600 dpi (600 нүкте/дюйм) опциясын таңдаңыз.
● Мүмкіндікті қосу үшін EconoMode құсбелгісін қойыңыз.
Бүкіл бет тым ашық болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
● Қолжетімді болса FastRes 1200 опциясын таңдаңыз.
● Оны ажырату үшін EconoMode құсбелгісін алыңыз.
5. Құжат сипаттары тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймесін түртіңіз. Тапсырманы басып шығару үшін
Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін басыңыз.
Басып шығару тығыздығын реттеу
Басып шығару нәтижелері тым қою немесе тым ашық болған кезде басып шығару қалыңдығын реттеңіз.
Басып шығару тығыздығын реттеу үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
1. HP енгізілген веб-серверін ашыңыз.
а. Негізгі экраннан немесе принтердің басқару тақтасынан (Сымсыз белгішесі) немесе
(Ethernet белгішесі) опциясын басып, принтердің IP мекенжайын немесе хост атауын көріңіз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: веб-браузерде веб-сайттың қауіпсіз болуын көрсететін хабар берілсе, веб-сайтты
жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым келтірмейді.
2. Ендірілген веб-сервер негізгі бетіндегі Settings (Параметрлер) қойындысын басыңыз.
3. Сол жақ навигация бөлігінен параметрлерді кеңейту үшін Preferences (Параметрлер) түймесін
басыңыз, сосын General Printer Settings (Жалпы принтер параметрлері) түймесін басыңыз.
4. Қажетті параметрді таңдау үшін Print Density (Басып шығару тығыздығы) ішінен ашылмалы тізімді
пайдаланыңыз.
5. Өзгерістерді сақтау үшін Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
166 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW










