HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

Кескінді көшіру және сканерлеу сапасын жақсарту
Көшірмелер мен сканерленген кескіндер сапасын жақсарту әдісі мен сканер әйнегін жақсылап тазарту
әдісін біліңіз.
Кіріспе
Сканер әйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Қағаз параметрлерін тексеру
Суретті реттеу параметрлерін тексеру
Мәтіндер немесе суреттер үшін оңтайландыру
Компьютерде сканер ажыратымдылығын және түс параметрлерін тексеру
Шеттен шетке көшіру
Құжат бергіштің көтеру ролигі мен бөлу төсемін тазалаңыз
Кіріспе
Егер принтерде кескін сапасына байланысты мәселелер болып жатса, мәселені шешу үшін келесі
шешімдерді берілген ретпен қолданып көріңіз.
Алдымен мына қарапайым қадамдарды орындап көріңіз:
Құжаттарды автоматты беру құрылғысының орнына планшетті сканерді пайдаланыңыз.
Жоғары сапалы түпнұсқаларды пайдаланыңыз.
Құжаттарды автоматты беру құрылғысын пайдаланғанда анық емес немесе жылжып кеткен
суреттерді болдырмау үшін қағаз бағыттағыштарын пайдаланып, бастапқы құжаттарды автоматты
беру құрылғысына дұрыс жүктеңіз.
Егер мәселе әлі бар болса, мына қосымша шешімдерді қолданып көріңіз. Егер сонда да мәселе шешілмесе,
қосымша шешімдерді «Баспа сапасын жақсарту» бөлімінен қараңыз.
Сканер әйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер әйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына әсер етуі мүмкін. Сканерді
тазалау үшін келесі іс рәсімін пайдаланыңыз.
1. Принтерді өшіру үшін «Қуат» түймесін басып, электр қуаты сымын электр розеткасынан ажыратыңыз.
2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3. Сканердің әйнегі мен ақ пластмасса тірегін абразивті емес тазартқыш сұйықтыққа батырылған
жұмсақ шүберекпен немесе губкамен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: принтердің кез келген бөлігін тазалау барысында абразивті заттарды, ацетонды, бензинді,
аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар принтерді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп, принтерді зақымдауы
мүмкін.
KKWW Кескінді көшіру және сканерлеу сапасын жақсарту 175