HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

Компьютерде сканер ажыратымдылығын және түс параметрлерін тексеру
Егер сіз сканерленген бейнені басып шығарсаңыз және сапасы көңіліңізден шықпаса, ол сканерлеу
бағдарламалық құралында қажеттіліктеріңізге сәйкес емес ажыратымдылық мен түстер параметрлерінің
таңдалу себебі болуы мүмкін. Ажыратымдылық мен түстер сканерленген бейненің келесідей
мүмкіндіктеріне әсер етеді:
Ажыратымдылық пен түстер бойынша нұсқаулықтар
Түс
Бейне тазалығына
Шәкіл құрылымына (тегіс немесе бұдырлы)
Сканерлеу уақытына
Файл өлшеміне
Сканерлеу ажыратымдылығын өлшеу бірлігі пиксель/дюйм (п/д) болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: сканерлеудің п/д деңгейі баспаның н/д (нүкте/дюйм) өлшем бірлігіне сәйкес келмейді.
Түс, сұр шәкілі және ақ ықтимал түстер санын анықтайды. Сіз сканердің аппараттық ажыратымдылығын 1
200 пиксел/дюйм дейін реттей аласыз.
Ажыратымдылық пен түстер бойынша нұсқаулықтар кестесінің тізімі өзіңіздің сканерлеу бойынша
қажеттіліктеріңізге қол жеткізу бойынша аздап көмектеседі.
ЕСКЕРТПЕ: ажыратымдылық пен түстерді жоғары мәндерге реттеу нәтижесінде дискіде көп орын алып,
сканерлеу процессін баяулататын үлкен көлемді файлдардың құрылуына себепші болады.
Ажыратымдылық пен түстерді реттемес бұрын сканерленген кескінді қалай пайдаланатыныңызды
анықтаңыз.
Ажыратымдылық пен түстер бойынша нұсқаулықтар
Келесі кесте түрлі сканерлеу тапсырмаларына арналған ажыратымдылық пен түс параметрлерін
сипаттайды.
ЕСКЕРТПЕ: әдепкі параметр — 200 пиксел/дюйм.
Кесте 9-14 Ажыратымдылық пен түстер бойынша нұсқаулықтар
Мақсатты пайдалану Ұсынылатын ажыратымдылық Ұсынылатын түс параметрлері
Факс 150 п/д Ақ-қара
Электрондық пошта 150 п/д Ақ-қара, бейне тегістік шәкілін қажет етпеген жағдайда
Сұр шәкілі, бейне тегіс шәкілін қажет етсе
Түсті, бейне түсті болған жағдайда
Мәтінді түзету 300 п/д Ақ-қара
178 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW