HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
Факс жіберу ажыратымдылық параметрлерін тексеру
Қабылдаушы факс машинасы жауап бермегендіктен немесе бос болмағандықтан принтер факс жібере
алмаса, бос болмағанда нөмірді қайта теру, жауап болмағанда нөмірді қайта теру және байланыс қатесі
болғанда нөмірді қайта теру опциялары бойынша принтер нөмірді қайта тереді.
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда сол жаққа сырғытып, Fax (Факс) белгішесін түртіңіз.
2. Send Now (Қазір жіберу) опциясын түртіп, Параметрлер белгішесі түртіңіз.
3. Resolution (Ажыратымдылық) опциясын түртіп, қажетті параметрді түртіңіз.
Факс жоғары ажыратымдылықпен жібермесе, Standard (Стандартты) ажыратымдылық параметрін
көріңіз.
Қателерді түзету режимінің параметрін тексеру
Әдетте, принтер факс қабылдау немесе жіберу кезінде телефон желісіндегі сигналдарды бақылап
отырады. Егер берілім кезінде принтер қате тапса және қатені түзету режимінің параметрі On (Қосулы)
болса, принтер факстың бөлігін қайта жіберуді сұрауы мүмкін. Қатені түзету үшін зауыттық стандартты мән
On (Қосулы).
Факс жіберу немесе қабылдау кезінде қиыншылықтарға кездессеңіз немесе берілімдегі қателерді
қабылдағыңыз келсе ғана, қатені түзету режимін ажыратуыңыз қажет. Факсты шетелге жіберу немесе
шетелден факс қабылдау кезінде не болмаса сіз телефон байланысын жер серігі арқылы пайдалансаңыз,
бұл функцияны ажыратып қою пайдалы болуы мүмкін.
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранын оң жаққа сырғытып, Fax (Факс) белгішесін түртіңіз.
2. Оң жаққа сырғытып, Setup (Орнату) белгішесін басыңыз.
3. Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз.
4. Error Correction Mode (Қателерді түзету режимі) опциясына жылжып, параметрді өшіру немесе қосу
үшін түймені түртіңіз.
Басқа факс құрылғысына жіберу
Факсті басқа факс құрылғысына жіберіп көріңіз. Факс сапасы жақсырақ болса, мәселе алушының факс
машинасының бастапқы параметрлеріне немесе жабдықтардың күйіне байланысты.
Жіберушінің факс құрылғысын тексеру
Жіберушіден басқа факс құрылғысынан жіберіп көруді сұраңыз. Факс сапасы жақсырақ болса, ақаулық
жіберушінің факс құрылғысында туындаған. Басқа факс құрылғысы қол жетімсіз болса, жіберушіден келесі
өзгерістерді енгізуді сұраңыз:
● Түпнұсқа құжаттың ақ (түсті емес) қағазда екенін тексеріңіз.
● Факс ажыратымдылығын, сапа деңгейін немесе контраст параметрлерін арттырыңыз.
● Мүмкін болса, факсті компьютердің бағдарламалық құралынан жіберіңіз.
182 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW










