HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

Компьютерді принтермен байланыстыру мүмкін емес.
Принтердің желімен немесе компьютеріңізбен байланысатынын тексеріңіз.
1. Желі ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын тексеріңіз.
а. Компьютерде пәрмен жолы терезесін ашыңыз.
Windows жүйесі үшін Пуск (Бастау) түймесін басып, Запустить (Іске қосу) пәрменін таңдап,
cmd деп теріңіз де, Enter пернесін басыңыз.
macOS үшін Applicationsағдарламалар) тармағына өтіп, Utilities (Утилиталар) тармағын
таңдаңыз да, Terminalерминал) параметрін ашыңыз.
ә. Принтерге IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
б. Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.
2. Егер ақпарат жіберу пәрмені орындалмаса, желілік хабтардың қосылып тұрғанын тексеріңіз, одан
кейін желі параметрлерінің, принтердің және компьютердің бір желіге (қосалқы желі деп те аталады)
конфигурацияланғанын тексеріңіз.
3. Желі жұмыс істеп тұрса, компьютер принтер үшін дұрыс IP мекенжайын пайдаланып жатқанына көз
жеткізіңіз.
а. Принтердің сипаттарын ашып, Ports қойындысын басыңыз. Принтерге ағымдағы IP
мекенжайының таңдалғанын тексеріңіз. Принтердің IP мекенжайын принтердің конфигурация
бетінен табыңыз.
ә. Принтерді HP компаниясының стандартты TCP/IP порты арқылы орнатқан болсаңыз, Always print
to this printer, even if its IP address changes (IP мекенжайы өзгерсе де, әрқашан осы принтерге
басып шығару) тармағын таңдаңыз.
б. Принтерді Microsoft компаниясының стандартты TCP/IP порты арқылы орнатқан болсаңыз, IP
мекенжайының орнына принтердің хост атын қолданыңыз.
в. Егер IP мекенжайы дұрыс болса, принтерді жойып, оны қайта қосыңыз.
Принтер желі үшін қате сілтеме және дуплекс параметрлерін пайдалануда
HP бұл параметрлерді автоматты режимде (әдепкі параметр) қалдыруды ұсынады. Егер осы
параметрлерді өзгертсеңіз, оларды желі үшін де өзгерту қажет.
Жаңа бағдарламалық құралдар үйлесімді ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
Жаңа бағдарламалық құралдардың дұрыс орнатылғанын және олардың дұрыс принтер драйверін
қолданатындығын тексеріңіз.
Компьютеріңіз немесе жұмыс компьютеріңіз дұрыс орнатылмаған.
Қате конфигурацияланған компьютер басып шығару кезінде ақауларға әкелуі мүмкін.
1. Желілік драйверлерді, принтер драйверлерін және желінің қайта бағыттау параметрлерін тексеріңіз.
2. Амалдық жүйенің дұрыс конфигурацияланғанын тексеріңіз.
184 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW