HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
● Кедергілер сымсыз сигналды бөгемей тұрғанын тексеріңіз. Кіру нүктесі мен принтердің арасындағы
кез келген үлкен метал заттарды алып тастаңыз. Құрамында метал немесе бетон бар бағандар,
қабырғалар немесе қолдау бағандары принтер және сымсыз кіру нүктесін бөлмейтінін тексеріңіз.
● Принтер сымсыз сигналға кедергі келтіруі мүмкін электрондық құрылғылардан қашықта
орналасқандығын тексеріңіз. Көптеген құрылғылар сымсыз сигналға кедергі келтіруі мүмкін, оның
ішінде моторлар, радиотелефондар, қауіпсіздік жүйесінің камералары, басқа сымсыз желілер және
кейбір Bluetooth құрылғылары бар.
● Компьютерде принтер драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
● Дұрыс принтер портын таңдалғанын тексеріңіз.
● Компьютер мен принтердің бірдей сымсыз желіге қосылғанын тексеріңіз.
● macOS жүйесі үшін сымсыз маршрутизатордың Bonjour желісін қолдайтындығын тексеріңіз.
Сымсыз конфигурациялау аяқталғаннан кейін принтер басып шығармайды
Сымсыз конфигурациялау аяқталғаннан кейін принтер басып шығаруды орындамаса, төмендегі
шешімдерді көріңіз.
1. Принтердің қосылғанын және жұмысқа дайын екендігін тексеріңіз.
2. Компьютердегі кез келген үшінші тарапты желіаралық дидарларды өшіріңіз.
3. Сымсыз желі дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
4. Компьютер дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз. Қажет болса, компьютерді қайта іске қосыңыз.
5. HP енгізілген веб-серверінің принтерін желідегі компьютерден аша алатындығыңызды тексеріңіз.
Принтер басып шығармайды және компьютерде үшінші тараптың желіаралық
қалқаны орнатылған
Принтер басып шығармаса және компьютерде үшінші тараптың желіаралық қалқаны орнатылған болса,
төмендегі шешімдерді көріңіз.
1. Желіаралық қалқанды өндірушіде бар ең соңғы жаңартумен жаңартыңыз.
2. Егер бағдарламалар принтерді орнату немесе басып шығару кезінде желіаралық қалқанға кіру
мүмкіндігін сұраса, бағдарламалардың іске қосылуына рұқсат бергеніңізді тексеріңіз.
3. Желіаралық қалқанды уақытша өшіріп, компьютерге сымсыз принтерді орнатыңыз. Сымсыз
орнатуды аяқтағаннан кейін желіаралық қалқанды қосыңыз.
Сымсыз маршрутизатор немесе принтерді жылжытқаннан кейін сымсыз байланыс
жұмыс істемейді
Сымсыз маршрутизатор немесе принтерді жылжытқаннан кейін сымсыз байланыс жұмыс істемесе,
төмендегі шешімдерді орындап көріңіз.
1. Маршрутизатордың немесе принтердің компьютер жалғанған желіге қосылғанын тексеріңіз.
2. Конфигурациялау бетін басып шығарыңыз.
KKWW Сымсыз желі ақауларын жою 187










