HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

а. Конфигурациялау бетін басып шығарыңыз.
ә. Компьютеріңіз үшін конфигурациялау есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID)
принтер конфигурациясындағы қызмет орнату идентификаторымен (SSID) салыстырыңыз.
б. Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Принтердің сымсыз орнатуын
қайта конфигурациялаңыз.
Сымсыз желі диагностика сынағын жүргізу
Принтердің басқару панелінен сымсыз желі параметрлері туралы ақпаратты беретін диагностика сынағын
іске қосуға болады
.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан құралдар тақтасын ашу үшін терезенің үстіндегі
қойындыны төмен қарай сырғытып, (Орнату белгішесі) опциясын басыңыз.
2. Меңзерді жылжытып, Reports (Есептер) түймесін түртіңіз.
3. Меңзерді жылжытып, Wireless Test Report (Сымсыз сынақ есебі) түймесін түртіңіз.
Принтер сынақ нәтижелерін көрсететін сынақ бетін басып шығарады.
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Келесі кеңестер сымсыз желідегі кедергілерді азайтуы мүмкін:
Сымсыз құрылғыларды құжаттарды сақтайтын шкафтар сияқты көлемді темір заттардан, сондай-ақ
микротолқынды және сымсыз телефондар сияқты басқа да электромагниттік құрылғылардан аулақ
ұстаңыз. Бұл заттар радио сигналдарына кедергі болуы мүмкін.
Сымсыз құрылғыларды көлемді тастан қаланған және басқа құрылыс құрылымдарынан аулақ
ұстаңыз. Бұл заттар радио толқындарды сіңіріп, сигнал күшін азайтуы мүмкін.
Сымсыз марштуризаторды желідегі сымсыз принтерлермен бір сызықты ортада орналастырыңыз.
KKWW Сымсыз желі ақауларын жою 189