HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

Факс мәселелерін шешу
Факс ақауларын шешу үшін келесі мәліметтерді пайдаланыңыз.
Кіріспе
Факстің ақаулықтарын жою туралы бақылау кестесі
Жалпы факс ақаулықтарын түзету
Кіріспе
Мәселелерді шешуге көмектесу үшін факс ақауларын жою ақпаратын пайдаланыңыз.
Факстің ақаулықтарын жою туралы бақылау кестесі
Әр ұсынылған әрекеттен кейін ақаудың жойылғанын тексеру үшін қайта факс жіберіп көріңіз.
Факс ақауларын жойғанда, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін принтер сымы тікелей қабырғадағы телефон
ұясына жалғанғанын тексеріңіз. Принтерге жалғанған басқа құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
1. Телефон сымының принтердің артқы жағындағы дұрыс ұяға жалғанғанын тексеріңіз.
2. Факс тексеруін пайдаланып, телефон желісін тексеріңіз:
а. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан құралдар тақтасын ашу үшін терезенің
үстіндегі қойындыны төмен қарай сырғытып, (Орнату белгішесі) опциясын басыңыз.
ә. Жылжытып, төмендегі мәзірлерді ашыңыз:
1. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату)
2. Tools (Құралдар)
3. Факс сынағын орындау
Принтер факс тексеруі туралы есепті басып шығарады. Есепте келесі ықтимал нәтижелер
болады:
Сәтті: есепте қарап шығуға болатын ағымдағы факс параметрлері бар.
Сәтсіз: есеп қате сипаттамасын және мәселені шешу жолы бойынша ұсыныстарды
көрсетеді.
3. Принтер микрбағдарламасының қазіргі нұсқадағы екенін тексеріңіз:
ЕСКЕРТПЕ: Принтердегі ағымдағы микробағдарлама нұсқасын анықтау үшін принтердің басқару
тақтасынан «Принтер күйі есебі» құжатын басып шығарып, микробағдарлама күнінің кодын табу үшін
есепті қараңыз. Сосын HP өнімді қолдау бетіне (төмендегі қадамдар арқылы) кіріп, микробағдарлама
күнінің кодын HP ішінде қолжетімді ең соңғы микробағдарлама нұсқасымен салыстырыңыз. Жаңарақ
нұсқасы бар болса, принтеріңіздегі микробағдарламаны жаңарту үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
а. Мына www.hp.com/go/support веб-сайтына өтіп, Drivers & Software (Драйверлер және
бағдарламалық құрал) сілтемесін басыңыз, іздеу жолағына принтер атауын теріңіз, ENTER
түймесін басыңыз, одан кейін іздеу нәтижелерінің тізімінен принтерді таңдаңыз.
ә. Операциялық жүйені таңдаңыз.
190 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW