HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
б. Firmware (Микробағдарлама) бөлімінде Firmware Update Utility бағдарламасын табыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: принтер үлгісіне арналған микробағдарламаны жаңарту утилитасын
пайдаланыңыз.
в. Download (Жүктеу) түймесін басыңыз, Run (Орындау) түймесін басыңыз, одан кейін қайтадан Run
(Орындау) түймесін басыңыз.
г. Қызметтік бағдарлама іске қосылғанда ашылмалы тізімнен принтерді таңдаңыз да, Send
Firmware (Микробағдарламаны жіберу) түймесін басыңыз.
ғ. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз, одан кейін қызметтік бағдарламаны жабу
үшін Exit (Шығу) түймесін басыңыз.
4. Принтердің бағдарламалық құралы орнатылған уақытта факс параметрлерінің реттелгенін тексеріңіз.
Компьютердегі HP бағдарламалық қалтадан Fax Setup Utility («Факс параметрлерін реттеу
утилитасы») бағдарламасын қосыңыз.
5. Телефон қызметінің аналог факсты қолдайтынын тексеріңіз.
● ISDN немесе сандық PBX қолданылғанда аналог факс желісі байланысын реттеу ақпаратын алу
үшін қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
● VoIP қызметін пайдалансаңыз, Fax Speed (Факс жылдамдығы) параметрін Speed-Slow (9600 bps)
(Төмен жылдамдық (9600 бит/сек)) етіп өзгертіңіз. Басқару тақтасының негізгі экранынан Fax
(Факс), Setup (Орнату), сосын Preferences (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
● Қызмет провайдері факс қызметін қолдайтынын және ұсынылған факс модемінің жылдамдығын
сұраңыз. Кейбір компаниялар адаптерді сұрауы мүмкін.
● DSL қызметін пайдаланғанда, принтердің телефон желісі байланысында сүзгінің бар-жоғын
тексеріңіз. DSL қызметінің провайдеріне хабарласыңыз немесе болмаған жағдайда DSL сүзгісін
сатып алыңыз. DSL сүзгісі орнатылған болса, ақаулығы болуы мүмкін болғандықтан басқасын
пайдаланып көріңіз.
KKWW Факс мәселелерін шешу 191










