HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
Принтердің техникалық сипаттамалары
Аппарат, бағдарламалық құрал және принтердің техникалық сипаттамаларын қарап шығыңыз.
●
Техникалық сипаттамалары
●
Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
●
Мобильді басып шығару шешімдері
●
Принтер өлшемдері
●
Қуатты тұтыну, электр сипаттамалары мен дыбыс шығару
●
Жұмыс ортасының ауқымы
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Төмендегі техникалық сипаттамалар жарияланған уақытында дұрыс, бірақ олар
өзгеруі мүмкін. Ағымдағы ақпаратты www.hp.com/support/ljM329MFP, www.hp.com/support/
ljM428MFPнемесе www.hp.com/support/ljM429MFP бөлімінен қараңыз.
Техникалық сипаттамалары
Принтердің техникалық сипаттамаларын қарап шығыңыз.
Ағымдағы ақпаратты www.hp.com/support/ljM329MFP, www.hp.com/support/ljM428MFPнемесе
www.hp.com/support/ljM429MFP сілтемесінен қараңыз.
Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
Төмендегі ақпарат macOS жүйелеріне арналған принтерге тән Windows және HP баспа драйверлері,
сонымен бірге бағдарламалық құрал орнатқышына қатысты.
Windows: толық бағдарламалық құралды орнату құралын пайдаланған кезде HP бағдарламалық құралын
орнату құралы Windows операциялық жүйесіне қарай қосымша бағдарламалық құралмен бірге V3 немесе
V4 PCL 6 драйверлерін орнатады. Қосымша ақпаратты бағдарламалық құралды орнату жазбаларынан
қараңыз.
macOS: Бұл принтер Mac компьютерлерін қолдайды. 123.hp.com/LaserJet сайтынан немесе «Принтерді
қолдау» бетінен HP Easy Start көмекшісін жүктеп алыңыз, одан кейін HP баспа драйверін орнату үшін HP
Easy Start көмекшісін пайдаланыңыз. HP Easy Start көмекшісі HP бағдарламалық құрал орнатқышында
берілмейді.
1. 123.hp.com/LaserJet торабына өтіңіз.
2. Принтер бағдарламалық құралын жүктеп алу үшін берілген қадамдарды орындаңыз.
Linux: Linux туралы ақпарат және баспа драйверлерін алу үшін www.hp.com/go/linuxprinting торабына
өтіңіз.
UNIX: UNIX туралы ақпарат және баспа драйверлерін алу үшін www.hp.com/go/unixmodelscripts торабына
өтіңіз.
KKWW Принтердің техникалық сипаттамалары 11










