HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

Міндетті ауыстыру деп көрсетілген бөлшектерді HP мамандарының ақылы қызметін пайдаланбайтын
болса, тұтынушылар өздері орнату керек. Бұл бөлшектер үшін HP принтерінің кепілдігі шеңберінде
пайдалану орнында немесе қоймаға қайтарып жөндеу қызметі көрсетілмейді.
Қосымша өз бетінше ауыстырылатын деп көрсетілген бөлшектерді тапсырыс бойынша кепілдік
мерзімінде қосымша ақысыз HP қызмет көрсету мамандары орната алады.
Кесте 3-3 Тұтынушының өзі жөндейтін бөлшектер
Бөлшек Сипаттама
Өзін-өзі алмастыру
опциялары Бөлшек нөмірі
Көп мақсатты науа ролигі Қосымша науа ролигі Міндетті RL2-0656-000CN
250 парақтық кіріс науасы 2-науаның қосымша кассетасы Міндетті RM2-5392-000CN
HP LaserJet 1 x 550 қағаз бергіш 550 парақтық қағаз бергіш (қосымша 3-
науа)
Міндетті RM2-5413-000CN
2-ші науаның қағазды іліп алу ролигінің
жинағы
2-ші науаның қосымша ұстау роликтері Міндетті RM2-5452-000CN
3-ші науаның қағазды іліп алу ролигінің
жинағы
3-ші науаның қосымша ұстау роликтері Міндетті RM2-5741-000CN
2-ші науаның бөлектеу ролигінің жинағы 2-ші науаның қосымша бөлектеу
роликтері
Міндетті RM2-5397-000CN
3-ші науаның бөлектеу ролигінің жинағы 3-ші науаның қосымша бөлектеу
роликтері
Міндетті RM2-5745-000CN
Динамикалық қауіпсіздік
Динамикалық қауіпсіздік қосылған принтерлер туралы оқыңыз.
Белгілі бір HP принтерлері қауіпсіздік микросхемалары немесе электрондық схемасы бар картридждерді
пайдаланады. HP емес микросхеманы немесе өзгертілген, не болмаса HP емес схеманы* пайдаланатын
картридждер жұмыс істемеуі мүмкін. Сондай-ақ қазір жұмыс істейтіндері болашақта жұмыс істемеуі
ықтимал.
Басып шығару жұмысындағы стандарт секілді HP компаниясының картридждерді аутентификациялау
процесі бар. HP тұтынушы тәжірибесінің сапасын қорғау, басып шығару жүйелерінің біртұтастығын
қалыпта ұстау және зияткерлік меншікті қорғау үшін қауіпсіздік шараларын пайдалануды жалғастырады.
Бұл шаралар мезгіл сайын өзгеріп отыратын және кейбір үшінші тарап жеткізушілерінің қазір немесе
болашақта жұмыс істеуінен қорғауы мүмкін аутентификация әдістерін қамтиды. HP принтерлері мен
түпнұсқа HP картридждері үздік сапа, қауіпсіздік және сенімділікті қамтамасыз етеді. Картридждер
клондалса немесе көшірмелері шығарылса, тұтынушының басып шығару жұмысының сапасына және
қауіпсіздігіне қауіп төнуі мүмкін.
*HP емес микросхемаларды және өзгертілген немесе HP емес электрондық схеманы HP компаниясы
шығармайды немесе растамайды. HP бұл микросхемаларды немесе схеманың принтеріңізде қазір немесе
болашақта жұмыс істейтініне кепілдік бермейді. Түпнұсқа емес HP картриджін пайдалансаңыз,
жеткізушімен бірге картриджіңіздің түпнұсқа HP қауіпсіздік микросхемасы немесе өзгертілмеген HP
электрондық схемасы барын тексеріңіз.
36 3-тарау Жабдықтар, қосалқы құралдар мен бөлшектер KKWW