HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

HP тонер-картридж-қорғанысын қамтамасыз ету параметрлерін
реттеу
Желілік әкімші принтердің басқару тақтасы немесе HP ендірілген веб-сервері арқылы тонер картриджін
қорғау параметрлерін конфигурациялай алады.
Кіріспе
Картридж саясаты функциясын қосу немесе өшіру
Картриджді қорғау функциясын қосу немесе өшіру
Кіріспе
Принтерде орнатылған картридждерді қадағалау және орнатылған картридждерді ұрланудан қорғау үшін
HP картридж саясаты мен картридж қорғанысын қолданыңыз.
Картридж саясаты: бұл мүмкіндік принтерде тек қана түпнұсқа HP картридждерін пайдалануға рұқсат
ету арқылы оны жасанды тонерлі картриджден қорғайды. Түпнұсқа HP картридждерін пайдалану
мүмкін болатын ең жақсы басып шығару сапасын қамтамасыз етеді. Егер әлдекім түпнұсқа емес HP
картриджін орнататын болса, принтердің басқару панелінде картридждің рұқсаты жоқ екендігі
туралы хабар көрсетіліп, қалай жалғастыру қажеттігін түсіндіретін ақпарат беріледі.
Картриджді қорғау: бұл функция тонерлі картридждерді нақты принтермен немесе принтерлер
тобымен байланыстырады, осылайша оларды басқа принтерлерде пайдалануға болмайды.
Картридждерді қорғау - сіздің салымдарыңызды қорғайды. Бұл функция қосылған кезде, әлдекім
қорғалған картриджді түпнұсқа принтерден мақұлданбаған принтерге тасымалдайтын болса, ол
принтер қорғалған картриджбен жұмыс істемейді. Принтердің басқару панелінде картридждің
қорғалғандығы туралы хабар көрсетіледі және ол қалай жалғастыру қажеттігін түсіндіретін ақпарат
береді.
ЕСКЕРТУ: принтер үшін картридж қорғанысын қосқаннан кейін принтерге орнатылатын кейінгі
тонерлі картридждер автоматты және тұрақты түрде қорғалады. Жаңа картридждің қорғалуына
жол бермеу үшін жаңа картридж орнату алдында бұл функцияны өшіріңіз.
Функцияны өшіру ағымдағы орнатылған картридждер үшін қорғанысты өшіріп тастамайды.
Функциялардың екеуі де әдепкі бойынша өшірілген болады. Оларды қосу немесе өшіру үшін мына
процедураларды орындаңыз.
KKWW HP тонер-картридж-қорғанысын қамтамасыз ету параметрлерін реттеу 37