HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
Картриджді қорғау функциясын қосу үшін HP ендірілген веб-серверін (EWS) пайдалану
EWS серверінен желі әкімшісі «Картриджді қорғау» мүмкіндігін қоса алады. Бұл принтермен байланысты
картридждердің ұрлануынан және басқа принтерлерде қолданылуынан қорғайды.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. Негізгі экраннан немесе принтердің басқару тақтасынан (Сымсыз белгішесі) немесе
(Ethernet белгішесі) опциясын басып, принтердің IP мекенжайын немесе хост атауын көріңіз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз
. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: веб-браузерде веб-сайттың қауіпсіз болуын көрсететін хабар берілсе, веб-сайтты
жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым келтірмейді.
2. Ендірілген веб-сервер негізгі бетіндегі Settings (Параметрлер) қойындысын басыңыз.
3. Сол жақ навигациялық тақтада опцияларды кеңейту үшін Supplies (Жабдықтар) опциясын, содан соң
Supply Settings (Жабдық параметрлері) опциясын таңдаңыз.
4. Cartridge Protection (Картриджді қорғау) аймағында ашылмалы мәзірді басып, On (Қосу) опциясын
таңдаңыз.
5. Өзгерістерді сақтау үшін Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТУ: принтер үшін «Картриджді қорғау» қосқаннан кейін, принтерге орнатылатын кейінгі
тонерлі картридждер автоматты және тұрақты түрде қорғалады. Жаңа картридждің қорғалуына
жол бермеу үшін жаңа картридж орнату алдында бұл функцияны өшіріңіз.
Функцияны өшіру ағымдағы орнатылған картридждер үшін қорғанысты өшіріп тастамайды.
Картриджді қорғау функциясын өшіру үшін HP Кіріктірілген веб-серверін (EWS) пайдалану
Ендірілген веб-серверден желілік әкімші «Картриджді қорғау» мүмкіндігін өшіре алады. Ол принтерге
орнатылған жаңа картридждер қорғауын жояды.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. Негізгі экраннан немесе принтердің басқару тақтасынан (Сымсыз белгішесі) немесе
(Ethernet белгішесі) опциясын басып, принтердің IP мекенжайын немесе хост атауын көріңіз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: веб-браузерде веб-сайттың қауіпсіз болуын көрсететін хабар берілсе, веб-сайтты
жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым келтірмейді.
2. Ендірілген веб-сервер негізгі бетіндегі Settings (Параметрлер) қойындысын басыңыз.
3. Сол жақ навигациялық тақтада опцияларды кеңейту үшін Supplies (Жабдықтар) опциясын, содан соң
Supply Settings (Жабдық параметрлері) опциясын таңдаңыз.
KKWW HP тонер-картридж-қорғанысын қамтамасыз ету параметрлерін реттеу 41










