HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

Тонер картриджін ауыстыру
Принтерден хабар алсаңыз немесе басып шығару сапасына байланысты мәселелер болса, тонер
картриджін ауыстырыңыз.
Тонер картриджі туралы ақпарат
Картриджді шығару және ауыстыру
Тонер картриджі туралы ақпарат
Ауыстыратын тонер картридждеріне тапсырыс беру туралы мәліметтерді қарап шығыңыз.
Принтер тонер картриджі деңгейінің төмендегенін және қатты төмендегенін көрсетеді. Нақты тонер
картриджінің қалған жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы төмен болғанда ауыстырылатын
баспа картриджін қарастырып қойыңыз.
Тонерді қайта үлестіру рұқсат етілетін баспа сапасына сәйкес келмейінше, басып шығаруды ағымдағы
картриджбен жалғастыруыңыз. Тонерді қайта үлестіру үшін, тонер картриджін принтерден шығарып алып,
картриджді көлденең білігінен әрі-бері жайлап қозғаңыз. Графикалық кескінді картриджді алмастыру
нұсқауларынан қараңыз. Тонер картриджін принтерге қайта салып, қақпақты жабыңыз.
Принтердің картридждерін сатып алу немесе картридждің қолжетімділігін тексеру үшін www.hp.com/go/
suresupply сайтындағы HP SureSupply бөліміне өтіңіз. Беттің төменгі жағына өтіп, елдің/аймақтың
дұрыстығын тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Картридждер тек тағайындалған аймақта таратып, пайдалануға арналған; олар тағайындалған
аймақтан тыс жерде жұмыс істемейді.
Кесте 3-4 Жабдықтар
Бөлшек Сипаттама Картридж нөмірі Бөлшек нөмірі
Солтүстік Америка мен Латын Америкасында ғана қолдануға арналған
HP 58A Black Original LaserJet
тонер картриджі
Тек M428 үлгілері.
Стандартты сыйымдылықты
қосымша қара тонер
картриджі
58A CF258A
HP 58X High Yield Black Original
LaserJet тонер картриджі
Тек M428 үлгілері.
Жоғары сыйымдылықты
алмастырмалы қара тонер
картриджі
58X CF258X
Еуропа, Таяу Шығыс, Ресей, ТМД және Африка елдерінде ғана пайдалануға арналған
HP 59A Black Original LaserJet
тонер картриджі
Тек M428 үлгілері.
Стандартты сыйымдылықты
қосымша қара тонер
картриджі
59A CF259A
HP 59X High Yield Black Original
LaserJet тонер картриджі
Тек M428 үлгілері.
Жоғары сыйымдылықты
алмастырмалы қара тонер
картриджі
59X CF259X
Азия-Тынық мұхиты (Қытай мен Үндістаннан басқа) елдерінде ғана пайдалануға арналған
KKWW Тонер картриджін ауыстыру 43