HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
ЕСКЕРТПЕ:
● Түйменің атауы бағдарламаға қарай әртүрлі болады.
● HP PCL-6 V4 драйверінде More settings (Қосымша параметрлер) опциясы таңдалғанда HP AiO
Printer Remote қолданбасы қосымша драйвер мүмкіндіктерін жүктеп алады.
3. Finishing (Аяқтау) қойындысын таңдаңыз.
4. Екі жағына басып шығару опциясын таңдаңыз. Құжат сипаттары тілқатысу терезесін жабу үшін OK
түймесін басыңыз.
5. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі Print (Басып шығару)
түймесін басыңыз.
Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (Windows)
Бұл процедураны автоматты дуплексер орнатылмаған принтерлерде немесе дуплексер қолдамайтын
қағазға басып шығару үшін пайдаланыңыз.
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
● түйменің атауы бағдарламаға қарай әртүрлі болады.
● HP PCL-6 V4 драйверінде More settings (Қосымша параметрлер) опциясы таңдалғанда HP AiO
Printer Remote қолданбасы қосымша драйвер мүмкіндіктерін жүктеп алады.
3. Finishing (Аяқтау) қойындысын таңдаңыз.
4. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін Print on both sides (manually)
(Екі жағына басып шығару (қолмен)) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
5. Тапсырманың бірінші жағын басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі Print
(Басып шығару) түймесін басыңыз.
6. Шығыс себеттен басылған дестені шығарыңыз және 1-науаға салыңыз.
7. Ұсынылса, басқару тақтасындағы тиісті түймешікті басып жалғастырыңыз.
Бір параққа бірнеше бетті басып шығару (Windows)
Print (Басып шығару) параметрі арқылы бағдарламалық құрал қолданбасынан басып шығарған кезде, бір
қағазға бірнеше бет басып шығару опциясын таңдай аласыз. Мысалы, өте үлкен құжат басып шығарған
кезде, қағазды үнемдеу үшін осылай орындағыңыз келуі мүмкін.
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз.
KKWW Басып шығару тапсырмалары (Windows) 51










