HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (macOS)
Принтеріңізде автоматты дуплексер орнатылмаса немесе дуплексер қолдамайтын қағаз өлшемін немесе
түрін пайдалансаңыз, қағаздың екі жағына қолмен басып шығара аласыз. Екінші жағына басу үшін
беттерді қайта салуыңыз керек болады.
Бұл мүмкіндік HP принтер драйверін орнатсаңыз ғана қол жетімді. AirPrint мүмкіндігін пайдаланып
жатсаңыз, ол қолжетімді болмауы мүмкін.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Принтерді таңдаңыз.
3. Show Details (Мәліметтерді көрсету) немесе Copies & Pages (Көшірмелер және беттер) түймесін басып,
Manual Duplex (Қолмен дуплекстеу) мәзірін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Элементтің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
4. Manual Duplex (Қолмен дуплекстік басып шығару) ұясын белгілеп, байластыру опциясын таңдаңыз.
5. Принтерге өтіп, 1-науа ішіндегі кез келген таза парақты алып тастаңыз.
6. Print (Басып шығару) түймесін басыңыз.
7. Басылып шыққан буманы шығыс себетінен шығарып, басылған жағын төмен қаратып кіріс науасына
салыңыз.
8. Ұсынылса, басқару тақтасындағы тиісті түймені басып жалғастырыңыз.
Бір параққа бірнеше бетті басып шығару (macOS)
Print (Басып шығару) параметрі арқылы бағдарламалық құрал қолданбасынан басып шығарған кезде, бір
қағазға бірнеше бет басып шығару опциясын таңдай аласыз. Мысалы, өте үлкен құжат басып шығарған
кезде, қағазды үнемдеу үшін осылай орындағыңыз келуі мүмкін.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Принтерді таңдаңыз.
3. Show Details (Мәліметтерді көрсету) немесе Copies & Pages (Көшірмелер және беттер) түймесін басып,
Layout (Орналасу) мәзірін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: элементтің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
4. Pages per Sheet (параққа бет) ашылмалы тізімінен әр парақта басып шығару керек беттер санын
таңдаңыз.
5. Layout Direction (Орналасу бағыты) аймағында парақтағы беттер реті мен орнын таңдаңыз.
6. Border (Жиек) мәзірінен әр парақтың айналасында басылатын жиек түрін таңдаңыз.
7. Print (Басып шығару) түймесін басыңыз.
Қағаз түрін таңдау (macOS)
Print (Басып шығару) параметрі арқылы бағдарламалық құрал қолданбасынан басып шығарған кезде,
басып шығару тапсырмасы үшін қолданатын қағаз түрін орната аласыз. Мысалы, әдепкі қағаз түрі Letter
болса, бірақ басып шығару тапсырмасы үшін басқа қағаз түрін пайдалансаңыз, тиісті қағаз түрін таңдаңыз.
KKWW Баспа тапсырмалары (macOS) 55