HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

Тапсырма сақтау параметрін орнатуды аяқтау үшін:
1. Артқы USB портын орналастырыңыз.
Кейбір үлгілерде артқы USB порты жабық болады. Жалғастырмас бұрын артқы USB порты қақпағын
алыңыз.
2. USB флеш дискісін артқы USB портына салыңыз.
Cурет 4-1 USB флэш дискісін салу
Басқару тақтасында USB дискісінің пішімделетіні туралы ескертілетін хабар көрсетіледі. Процедураны
аяқтау үшін, OK түймесін басыңыз.
3. Job Storageапсырма сақтау) қойындысын көрінетінін тексеру үшін басып шығару драйверін
ашыңыз. Көрініп тұрса, мүмкіндікті пайдалануға болады.
Бағдарламалық құрал бағдарламасынан Print (Басып шығару) опциясын, сосын принтерлер тізімінен
принтеріңізді таңдап, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
Windows: Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) тармағын таңдаңыз. Job
Storageапсырманы сақтау) қойындысын басыңыз.
Job Storageапсырма сақтау) қойындысы көрсетілмесе, оны төмендегідей іске қосыңыз:
Бастау мәзірінен Settings (Параметрлер) бөлімін ашыңыз, Devices (Құрылғылар), сосын Devices
and Printers (Құрылғылар мен принтерлер) түймесін басыңыз. Принтердің атын тінтуірдің оң
жағымен басып, Printer Properties (Принтер сипаттары) түймесін басыңыз. Device Settings
(Құрылғы параметрлері) қойындысын, Job Storageапсырма сақтау) түймесін басып, Automatic
(Автоматты) опциясын таңдаңыз. Apply (Қолдану) және OK түймесін басыңыз.
macOS: Принтер драйвері Copies & Pages (Көшірмелер мен беттер) мәзірін көрсетеді. Ашылмалы
тізімді ашып, Job Storageапсырма сақтау) мәзірін басыңыз.
Job Storageапсырма сақтау) мәзірі көрсетілмесе, мәзірді іске қосу үшін «Басып шығару»
терезесін жауып қайта ашыңыз.
Тапсырма сақтау мүмкіндігін өшіру немесе қосу
Принтерге USB дискісі салынса да, оны қолжетімді етпеу үшін тапсырманы сақтау мүмкіндігін өшіріңіз.
Қайтадан қолжетімді ету үшін үшін мүмкіндікті қосыңыз.
1. Printer Properties (Принтердің сипаттары) опциясын ашыңыз:
58 4-тарау Басып шығару KKWW