HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
● Windows: Бастау мәзірінен Settings (Параметрлер) бөлімін ашыңыз, Devices (Құрылғылар), сосын
Devices and Printers (Құрылғылар мен принтерлер) түймесін басыңыз. Принтерді тінтуірдің оң
жағымен басып, Printer properties (Принтер сипаттары) түймесін басыңыз.
● macOS: Apple мәзірінен System Preferences (Жүйе параметрлері), содан кейін Printers & Scanners
(Принтерлер мен сканерлер) опциясын таңдаңыз. Принтерді таңдап, Options & Supplies
(Опциялар және жабдықтар) түймесін басыңыз.
2. Тапсырманы сақтау опциясын мына жолмен ажыратыңыз:
● Windows: Device settings (Құрылғы параметрлері) қойындысын, Job Storage (Тапсырма сақтау)
түймесін басып, Disable (Өшіру) опциясын таңдаңыз.
● macOS: Options (Опциялар) қойындысынан Job Storage (Тапсырма сақтау) ұясынан белгіні
алыңыз.
Мүмкіндікті қосу үшін Job Storage (Тапсырма сақтау) опциясын қайтадан Automatic (Автоматты) (Windows)
мәніне орнатыңыз немесе Job Storage (Тапсырма сақтау) ұяшығына белгі қойыңыз (macOS).
Сақталған тапсырма жасау (Windows)
Жеке немесе кейінге қалдырылған тапсырмаларды басып шығару үшін USB флеш-дискісіне сақтаңыз.
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер)
түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
● Түйменің атауы бағдарламаға қарай әртүрлі болады.
● HP PCL-6 V4 драйверінде More settings (Қосымша параметрлер) опциясы таңдалғанда HP AiO
Printer Remote қолданбасы қосымша драйвер мүмкіндіктерін жүктеп алады.
3. Job Storage (Тапсырманы сақтау) қойындысын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Job Storage (Тапсырма сақтау) қойындысы көрсетілмесе, қойындыны іске қосу үшін
«Тапсырма сақтау мүмкіндігін өшіру немесе қосу» бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.
4. Job Storage Mode (Тапсырма сақтау режимі) опциясын таңдаңыз:
● Proof and Hold (Растау және ұстау): тапсырманың бір көшірмесін басып шығарып, тексеріңіз де,
қосымша көшірмелерді басып шығарыңыз. Бірінші көшірме бірден басып шығарылады. Кейінгі
көшірмелерді басып шығару құрылғының алдыңғы басқару тақтасынан іске қосылуы керек.
Мысалы, 10 көшірме жіберілсе, бірінші көшірме бірден басып шығарылады, басқа тоғыз
көшірме тапсырма алынған кезде басып шығарылады. Барлық көшірме басып шығарылған соң,
тапсырма жойылады.
● Personal Job (Жеке тапсырма): Тапсырма принтердің басқару тақтасында сұралмайынша басып
шығарылмайды. Осы тапсырманы сақтау режимі үшін Make Job Private/Secure (Тапсырманы
жеке/қорғалған ету) опцияларының біреуін таңдауға болады. Егер тапсырмаға жеке
идентификациялық нөмір (PIN) тағайындасаңыз, басқару панелінде қажетті PIN кодын енгізуіңіз
керек. Егер тапсырманы шифрласаңыз, басқару панелінде қажет құпия сөзді енгізу керек. Басып
шығарылған соң басып шығару тапсырмасы жадтан жойылады.
KKWW Кейінірек немесе жеке басып шығару үшін басып шығару тапсырмаларын принтерге сақтау 59










