HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
● Quick Copy (Жылдам көшірме): тапсырманың сұралған көшірмелер санын басып шығарып,
кейінірек қайта басып шығару үшін тапсырма көшірмесін принтердің жадына сақтаңыз.
Тапсырманы қолмен немесе тапсырманы сақтау кестесі арқылы жоюға болады.
● Stored Job (Сақталған тапсырма): Тапсырманы принтерде сақтап, басқаларға тапсырманы кез
келген уақытта басып шығаруға мүмкіндік беріңіз. Егер тапсырманың жеке идентификациялық
нөмірі (PIN) болса, тапсырманы басып шығаратын адам басқару панелінде қажетті PIN кодын
енгізуі керек. Тапсырманы қолмен немесе тапсырманы сақтау кестесі арқылы жоюға болады.
5. Өзгертілмелі пайдаланушы атын немесе тапсырма атын пайдалану үшін, Custom (Өзгертілмелі)
түймешігін басып, пайдаланушы атын немесе тапсырма атын енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: macOS 10.14 Mojave және одан кейінгі нұсқасы: баспа драйверінде енді Custom
(Өзгертілмелі) түймешігі болмайды. Сақталған тапсырманы реттеу үшін Mode (Режим) ашылмалы
тізімінің астындағы опцияларды пайдаланыңыз.
Егер басқа сақталған тапсырмада сондай ат болса, қандай опция пайдаланылатынын таңдаңыз.
● Use Job Name + (1-99) (Тапсырма атын + (1-99) пайдалану): тапсырма атының соңына бірегей
сан қосыңыз.
● Replace Existing File (Бар файлды алмастыру): бар сақтаулы тапсырманы жаңасымен
алмастырыңыз.
6. Егер Stored Job (Сақталған тапсырма) немесе Personal Job (Жеке тапсырма) параметрін Mode (Режим)
ашылмалы тізімінен таңдаған болсаңыз, тапсырманы PIN кодымен қорғауға болады. 4 сандық нөмірді
Use PIN to Print (Басып шығару үшін PIN кодын пайдалану) жолағына енгізіңіз. Басқа адамдар осы
тапсырманы басып шығарғысы келгенде принтер осы PIN нөмірін енгізуді сұрайды.
7. Тапсырманы өңдеу үшін Print (Басып шығару) түймесін басыңыз.
Сақталған тапсырманы басып шығару
USB флэш дискісіне сақталған тапсырманы басып шығарыңыз.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Print (Басып шығару) белгішесін басыңыз, сосын
Job Storage (Тапсырманы сақтау) түймесін басыңыз.
2. Жылжытып, тапсырма сақталған қалтаның атауын түртіңіз.
3. Жылжытып, басып шығарғыңыз келетін тапсырманың атауын түртіңіз.
Егер тапсырма жеке немесе шифрланған болса, PIN кодын немесе құпиясөзді енгізіңіз де, Done
(Дайын) түймесін басыңыз.
4. Көшірмелер санын реттеу үшін Print (Басып шығару) түймесінің сол жағындағы ұяшыққа белгі қойып,
сенсорлық пернетақта арқылы көшірмелер санын енгізіңіз. Пернетақтаны жабу үшін Done (Дайын)
түймесін түртіңіз.
5. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) опциясын түртіңіз.
KKWW Кейінірек немесе жеке басып шығару үшін басып шығару тапсырмаларын принтерге сақтау 61










