HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

Сақталған тапсырманы жою
Жаңа тапсырма USB флеш дискісіне сақталған кезде, бірнеше пайдаланушы және тапсырма аты бар кез
келген алдыңғы тапсырмалардың үстіне жазылады. USB флэш дискісінде жад толып қалса, принтердің
басқару тақтасында мына хабар көрсетіледі: USB флеш сақтау құрылғысында бос орын жоқ.
Қолданылмайтын тапсырмаларды жойып, әрекетті қайталаңыз. Қосымша басып шығару жұмыстарын
сақтамас бұрын, бұрыннан бар сақталған тапсырмаларды жою керек.
Принтерде сақталған тапсырманы өшіру
Принтерде сақталған тапсырманы өшіру
USB флэш дискісіне сақталған тапсырманы өшіріңіз.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан Print (Басып шығару) белгішесін басыңыз, сосын
Job Storageапсырманы сақтау) түймесін басыңыз.
2. Жылжытып, тапсырма сақталған қалтаның атауын түртіңіз.
3. Жылжытып, жойғыңыз келетін тапсырманың атауын түртіңіз.
Егер тапсырма жеке немесе шифрланған болса, PIN кодын немесе құпиясөзді енгізіңіз де, Done
(Дайын) түймесін басыңыз.
4. (Қоқыс белгішесі) опциясын таңдап, тапсырманы жою үшін Deleteою) түймесін басыңыз.
Тапсырманы есепке алу мақсаттары үшін принтерге жіберілетін ақпарат
Клиенттегі (мысалы, ДК) драйверлерден жіберілетін баспа тапсырмалары жеке тұлғаны анықтайтын
ақпаратты HP басып шығару және көрсету құрылғыларына жіберуі мүмкін. Бұл ақпарат басып шығару
құрылғысы әкімшісімен анықталғандай тапсырманы есепке алу мақсаттарына пайдаланылатын
тапсырмадан пайдаланушы аты мен клиент атынан тұруы мүмкін. Сонымен қатар, тапсырмаларды сақтау
мүмкіндігін пайдалану кезінде осыған ұқсас ақпаратты басып шығару құрылғысының жаппай сақтау
құрылғысында (мысалы, диск жетегі) тапсырмамен бірге сақтауға болады.
62 4-тарау Басып шығару KKWW