HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
3. Веб-қызметтерді орнату терезесінде пайдалану шарттары келісімін оқыңыз, сосын Yes (Иә) түймесін
басып, шарттарды қабылдаңыз, сосын HP веб-қызметтерін қосыңыз.
Принтер веб-қызметтерді қосады, одан кейін ақпараттық бетті басып шығарады. Ақпараттық бетте
принтерді HP Connected қызметіне тіркеуге қажетті принтер коды болады.
4. HP ePrint есептік жазбасын жасау үшін, www.hpconnected.com веб-сайтына өтіп, параметрлерді
орнату процесін орындаңыз.
AirPrint
Apple AirPrint арқылы басып шығару драйверін орнатпастан iOS құрылғысынан немесе Mac компьютерінен
принтерге тікелей басып шығаруға болады.
AirPrint қызметі iOS нұсқасын және macOS (10.7 Lion және одан кейінгі нұсқалары) орнатылған Mac
компьютерлерін қолдайды.
iPad, iPhone (3GS немесе одан кейінгі) немесе сенсорлы iPod (үшінші буыны немесе одан кейінгі)
құрылғысында келесі мобильді қолданбалардан принтерге тікелей басып шығару үшін AirPrint
функциясын қолданыңыз:
● Пошта
● Фотосуреттер
● Safari
● iBooks
● Таңдаулы үшінші тарап қолданбалары
AirPrint функциясын қолдану үшін принтер Apple құрылғысы сияқты бірдей желіге (қосымша желі)
қосылған болуы керек. AirPrint функциясын қолдану және AirPrint функциясымен үйлесімді HP принтерлері
туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.hp.com/go/LaserJetMobilePrinting сайтына кіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: AirPrint функциясын USB байланысымен пайдаланбай тұрып, нұсқа нөмірін тексеріңіз. AirPrint
1.3 және одан бұрынғы нұсқалары USB байланыстарын қолдамайды.
Android ендірілген басып шығаруы
Android және Kindle жүйелеріне арналған HP бекітілген басып шығару шешімі Wi-Fi Direct басып шығару
үшін мобильді құрылғыларға желідегі немесе сымсыз байланыс ауқымындағы HP принтерлерін автоматты
түрде тауып, солар арқылы басып шығаруға мүмкіндік береді.
Принтер Android құрылғысы сияқты бірдей желіге (қосымша желі) қосылған болуы керек.
Басып шығару шешімі қолдау көрсетілетін операциялық жүйелерге кіреді, сондықтан драйверлерді
орнату немесе бағдарламалық құралды жүктеу қажет емес.
Android жүйесіне ендірілген баспаны пайдалану жолы мен қолдау көрсетілетін Android құрылғыларының
түрлері туралы қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/go/LaserJetMobilePrinting мекенжайына өтіңіз.
66 4-тарау Басып шығару KKWW










