HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
5 Көшіру
Принтермен көшірмелер жасаңыз, екі жақты құжаттың көшірмесін жасау әдісін үйреніңіз және
интернеттен қосымша көшірме тапсырмаларын іздеңіз.
●
Көшірме жасау
●
Екі жағына басып шығару (дуплекс)
●
Куәлікті көшіру
●
Қосымша көшіру тапсырмалары
Қосымша ақпарат алу үшін:
Принтер бойынша HP компаниясының жан-жақты анықтамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
● Орнату және параметрлерді реттеу
● Үйрену және пайдалану
● Проблемаларды шешу
● Бағдарламалық құрал мен микробағдарлама жаңартуларын жүктеп алу
● Қолдау форумдарына қосылу
● Кепілдік және нормативтік ақпарат табу
Көшірме жасау
Сканер әйнегінен немесе құжатты автоматты бергіштен құжаттың немесе суреттің көшірмесін жасаңыз.
1. Түпнұсқаны сканер әйнегіне басып шығаратын жағын төмен қаратып немесе құжатты автоматты
бергішке басып шығаратын жағын жоғары қаратып салыңыз.
2. Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы Copy (Көшіру) белгішесін түртіңіз.
3. Document (Құжат) белгішесін түртіңіз.
4. Құжат көшірмесі мәзірінен көшірме тапсырмасына арналған параметрлерді таңдаңыз.
Қосымша көшірме параметрлері үшін «Параметрлер» белгішесін басыңыз.
KKWW 69










