HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

Екі жағына басып шығару (дуплекс)
Принтер екі жақты құжаттың көшірмесін жасауға мүмкіндік береді. Құжат бергіштен немесе сканер
әйнегінен көшірме жасағаныңызға қарай, автоматты немесе қолмен орындалатын әдісті таңдай аласыз.
Екі жағына автоматты түрде басып шығару
Қолмен екі жағына басып шығару
Екі жағына автоматты түрде басып шығару
Қолмен кедергі жасамай екі жақты құжаттың көшірме жасау үшін автоматты құжатты пайдаланыңыз.
1. Түпнұсқа құжаттарды құжат бергішке бірінші беттің бетін жоғары қаратып әрі беттің жоғарғы
жағымен салыңыз.
2. Қағаз бағыттағыштарын құжат өлшемі бойынша реттеңіз.
3. Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы Copy (Көшіру) белгішесін түртіңіз.
4. Document (Құжат) белгішесін түртіңіз.
5. 2-Sided (2 жақты) түймесін түртіп, көшірме тапсырмасы үшін пайдалану керек параметрді басыңыз.
6. Көшіруді бастау үшін Copy (Көшіру) түймесін түртіңіз.
Қолмен екі жағына басып шығару
Екі жақты құжаттың көшірмесін қолмен орындау үшін сканерді пайдаланыңыз. Принтер әр бетті қашан
қойып, көшірме жасау керектігін сұрайды.
1. Құжатты бет жағын төменге қаратып сканер шынысына, беттің жоғарғы сол жақтағы бұрышы
шынының жоғарғы сол жақтағы бұрышында болатындай етіп қойып, сканер қақпағын жабыңыз.
2. Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы Copy (Көшіру) белгішесін түртіңіз.
3. Document (Құжат) белгішесін түртіңіз.
4. 2-Sided (2 жақты) түймесін түртіп, көшірме тапсырмасы үшін пайдалану керек параметрді басыңыз.
5. Көшіруді бастау үшін Copy (Көшіру) түймесін түртіңіз.
6. Принтер келесі түпнұсқа құжатты салуды ұсынады. Оны шыныға қойыңыз да, OK түймесін басыңыз.
7. Соңғы бетті сканерлегенше осы процесті қайталаңыз. Көшірмелерді басып шығаруды аяқтау үшін
Done (Дайын) (Дайын белгішесі) түймесін түртіңіз.
Куәлікті көшіру
Жеке куәліктердің немесе басқа шағын өлшемдегі құжаттардың екі жағын қағаздың бір бетіне көшіру
үшін осы мүмкіндікті пайдаланыңыз. Принтер сізге алдымен бірінші жағын көшіріп, сосын куәлікті аударып,
басқа жағын көшіруге кеңес береді.
1. Жеке куәлікті артқы сол жақ бұрыштағы белгішенің жанындағы сканер шынысының үстіне қойып,
оны шыны жиектерінен сәл алшақ орналастырыңыз.
2. Сканер қақпағын жабыңыз.
KKWW Екі жағына басып шығару (дуплекс) 71