HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
HP Scan (Windows) бағдарламалық құралының көмегімен
сканерлеу
Компьютердегі бағдарламадан сканерлеуді бастау үшін HP Scan бағдарламасын пайдаланыңыз.
Сканерленген суретті файл ретінде сақтауға немесе басқа бағдарламаға жіберуге болады.
1. HP принтер көмекшісін ашыңыз.
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінен All Apps (Барлық қолданбалар) тармағын таңдап, HP
опциясын басыңыз да, принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жақ бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8: Start (Бастау) экранының бос аймағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басып,
қолданбалар тақтасындағы All Apps (Барлық қолданбалар) түймесін басыңыз, одан кейін
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 7: компьютердің жұмыс үстеліндегі Start (Бастау) түймесін басып, All Programs (Барлық
бағдарламалар) опциясын таңдаңыз да, HP түймесін басып, принтер қалтасын, одан кейін
принтер атауын таңдаңыз.
2. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірінде Scan (Сканерлеу) опциясын таңдап, Scan a
Document or Photo (Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу) опциясын таңдаңыз.
3. Параметрлерді қажетінше реттеңіз.
4. Сканерлеу түймесін басыңыз.
HP Easy Scan (macOS) бағдарламалық құралының көмегімен
сканерлеу
Компьютердегі бағдарламадан сканерлеуді бастау үшін HP Easy Scan бағдарламасын пайдаланыңыз.
1. Құжатты құжат беру құрылғысына немесе сканер шынысына принтердегі көрсеткіштерге сәйкес
қойыңыз.
2. Компьютерде Applications (Қолданбалар) қалтасындағы HP Easy Scan бағдарламалық құралын
ашыңыз.
3. Құжатты сканерлеу үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Барлық беттерді сканерлеп болғанда, оларды файлға сақтау үшін File (Файл) мәзірін басып, Save
(Сақтау) түймешігін басыңыз.
74 6-тарау Сканерлеу KKWW










