HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
Компьютерге сканерлеу (Windows) мүмкіндігін орнату
Осы мүмкіндік өшірілген болса және оны қосу қажет болғанда, осы процедураны орындаңыз.
●
Компьютерге сканерлеуді қосу (Windows)
Бұл мүмкіндік тек Windows үшін қолжетімді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: қауіпсіздік мақсаттары үшін қашықтан сканерлеу мүмкіндігі әдепкі баптау бойынша
ажыратылған. Осы мүмкіндікті қосу үшін ендірілген веб-серверде Settings (Параметрлер) қойындысын
ашып, Security (Қауіпсіздік) опциясын, Administrator Settings (Әкімші параметрлері) опциясын түртіңіз,
сосын Scan from a Computer or Mobile Device (Компьютер немесе мобильді құрылғыдан басып шығару)
опциясының қасына Enable (Қосу) құсбелгісін қойыңыз да, Apply (Қолдану) түймесін түртіңіз.
Осы мүмкіндік қосылған кезде принтерге рұқсаты бар әрбір адам кез келген нәрсені сканер әйнегінде
сканерлей алады.
Компьютерге сканерлеуді қосу (Windows)
Өшірілген кезде «Компьютерге сканерлеу» мүмкіндігін қосу үшін HP Printer Assistant қолданбасын
пайдаланыңыз.
1. HP принтер көмекшісін ашыңыз.
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінен All Apps (Барлық қолданбалар) тармағын таңдап, HP
опциясын басыңыз да, принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жақ бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8: Start (Бастау) экранының бос аймағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басып,
қолданбалар тақтасындағы All Apps (Барлық қолданбалар) түймесін басыңыз, одан кейін
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 7: компьютердің жұмыс үстеліндегі Start (Бастау) түймесін басып, All Programs (Барлық
бағдарламалар) опциясын таңдаңыз да, HP түймесін басып, принтер қалтасын, одан кейін
принтер атауын таңдаңыз.
2. Scan (Сканерлеу) бөліміне өтіңіз.
3. Manage Scan to Computer (Компьютерге сканерлеуді басқару) опциясын таңдаңыз.
4. Enable (Қосу) түймесін басыңыз.
USB құрылғысына сканерлеу
Файлды USB флэш дискісіне тікелей сканерлеу үшін принтердің басқару тақтасын пайдаланыңыз.
1. Құжатты сканер шынысына немесе құжат беру құрылғысына принтердегі көрсеткіштерге сәйкес
қойыңыз.
2. USB флеш дискісін принтердің алдындағы USB портына салыңыз.
Принтердің басқару тақтасынан Reading... (Оқылуда...) хабары көрсетіледі.
3. Жад құрылғысының опциялары терезесінен Scan To (Сканерлеу әдісі) түймесін түртіңіз.
KKWW Компьютерге сканерлеу (Windows) мүмкіндігін орнату 85










