HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
Факс параметрлері
Келесі бөлімдерде факстарды жіберу және алудың әр түрлі параметрлері туралы мәліметтер
берілген.
●
Факс жіберу параметрлері
●
Факс алу параметрлері
●
Факсты мұрағаттау және қайта жіберу
●
Сұрау
Факс жіберу параметрлері
Келесі мүмкіндіктерді теңшеу үшін «Факс жіберу параметрлерін орнату» мәзірін пайдаланыңыз:
●
Факс теру параметрлері
●
Жалпы факс жіберу параметрлері
●
Әдепкі тапсырма параметрлері
●
Шот ұсыну кодтары
Факс теру параметрлері
Факс терудің дыбыс деңгейін орнату
Факстарды жіберген кездегі өнімнің теру дыбыс деңгейін басқару үшін Факс үшін терудің дыбыс
деңгейі параметрін пайдаланыңыз.
1. Басты экранда Басқару түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Факс параметрлері
●
Факс жіберу параметрлері
●
Факс жіберу параметрлерін орнату (Настройка отправки факсов)
●
Факсты теру параметрлері
3. Факс үшін терудің дыбыс деңгейі ашылмалы мәзірін түртіп, келесі параметрлердің біреуін
таңдаңыз:
●
Өшірулі
●
Төмен (әдепкі)
●
Жоғары
4. Факс дыбысы параметрін сақтау үшін Сақтау түймесін түртіңіз.
88 Бап 3 HP Color LaserJet CM 4540 MFP сериясы, HP Color LaserJet Enterprise M4555 MFP
сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 MFP сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP
сериясы және HP LaserJet Enterprise M725 MFP сериясы
KKWW










