HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide

3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймесін басыңыз.
4. Параметрлерді қиып алу түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Параметрлерді қиып алу түймесі параметрлердің алғашқы бетінде болмаса,
келесі бетке айналдыру үшін Қосымша параметрлері түймесін басыңыз.
5. Сәйкес бетті қиып алу параметрін таңдаңыз:
Қағазды қиып алу: Құрал түпнұсқа құжаттың қағаз өлшеміне сәйкестендіру үшін
суретті қиып алады.
Мазмұнға дейін қиып алу: Құрал түпнұсқа құжаттағы анықталатын мазмұнның
өлшеміне дейін суретті қиып алады.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, ОК түймесін басыңыз.
7. Жіберуді бастау үшін Бастау түймесін басыңыз.
Автоматты сурет бағдары
Беттегі мәтіннің кемінде 100 таңбасы бар түпнұсқа құжаттар үшін құрал беттің жоғарғы
жағындағы ұштың түрін анықтай алады және сканерленген суреттерді сәйкесінше бағыттайды.
Бірнеше бетті және беттердің кейбірін басқа беттерге қатысты жоғарғы жағын төмен қаратып
сканерлеп жатсаңыз, нәтижесіндегі сканерленген суретте барлық беттер оң жағы жоғарыға
қарап беріледі. Кейбір беттерде альбомдық бағдар болса, құрал беттің жоғарғы жағы суреттің
жоғарғы жағында болатын етіп суретті бұрады.
1. Негізгі экрандағы Факс түймесін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
3. Экранның төменгі жағындағы Қосымша параметрлер түймесін басыңыз.
4. Мазмұн бағдары түймесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Мазмұн бағдары түймесі параметрлердің алғашқы бетінде болмаса, келесі
бетке айналдыру үшін Қосымша параметрлері түймесін басыңыз.
5. Автоматты анықтау параметрін таңдаңыз.
6. Өзгерістерді сақтау үшін, ОК түймесін басыңыз.
7. Жіберуді бастау үшін Бастау түймесін басыңыз.
Автоматты тонды реттеу
Бет бойынша негіздегі қараңғылық, контраст және өңді тазарту параметрлерін автоматты түрде
реттеу үшін құралды теңшеуге болады. Мысалы, түпнұсқа құжатта басқалардан ашығырақ
болатын кейбір беттер болса, нәтижесіндегі сканерленген суретте барлық беттер үшін
қалыптырақ қараңғы параметрі болады.
1. Негізгі экрандағы Факс түймесін түртіңіз.
2. Факс қабылдау ақпаратын көрсету үшін алғашқы экрандағы өрістерді аяқтаңыз.
106 Бап 3 HP Color LaserJet CM 4540 MFP сериясы, HP Color LaserJet Enterprise M4555 MFP
сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 MFP сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP
сериясы және HP LaserJet Enterprise M725 MFP сериясы
KKWW