HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
1
Факс нөмірі түрткенде, қалқымалы терезе көрсетіледі. Онда PIN нөмірін жасыратын арнайы
жақшаларды ([ ]) қосуға арналған PIN коды түймесі және екі секундтық кідірту үшін үтірді
кірістіруге арналған Үзіліс түймесі болады.
ЕСКЕРІМ: Бұл PIN коды факспен жіберілген құжаттардың қауіпсіздігі емес, қоңырау шалу
карта нөмірлеріне арналған.
Күй туралы хабар жолағы
Факстарды жібергенде және алғанда, кейбір сенсорлы экрандардың жоғарғы жағында
орналасқан күй жолағында күй туралы ақпарат көрсетіледі. Бұл келесі сияқты ақпаратты
қамтиды: Дайын, Қоңырау қабылдануда, Бет жіберілді және басқалар.
Факсты жіберу
Факс жіберу үшін нөмірлерді енгізудің үш негізгі әдістерінің біреуін пайдалануға болады:
●
Нөмірлерді қолмен енгізу.
●
Нөмірлерді жылдам теруді пайдаланып енгізу.
●
Нөмірлерді факс мекенжай кітабын пайдаланып енгізу.
ЕСКЕРІМ: Факс жіберу туралы желілік ақпарат алу үшін анықтама мәзірін ашу экранында ?
белгісін түртіңіз де, анықтама бөлімдері тізімінің астында Факс түймесін түртіңіз.
Факс нөмірлерінде рұқсат етілген таңбалар
●
Цифрлар (0–9)
●
#
●
*
●
,
●
бос орындар
●
[]
●
()
116 Бап 3 HP Color LaserJet CM 4540 MFP сериясы, HP Color LaserJet Enterprise M4555 MFP
сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 MFP сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP
сериясы және HP LaserJet Enterprise M725 MFP сериясы
KKWW










