HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
●
–
●
+
●
X
●
P
Телефон нөмірін сандық пернетақтадан енгізгенде, «Кідірту» түймесін пайдаланып барлық
кідіртулерді немесе басқа нөмірлерді қосыңыз, мысалы, аймақ кодтары, МАТС жүйесінен тыс
нөмірлерге қатынасу кодтары (әдетте 9 немесе 0) немесе ұзақ қашықтық префиксі. Екі
секундтық кідіртуді үтірді (,) теру арқылы қосуға болады. Егер факс префиксі параметрі теру
префиксін автоматты түрде қосуға орнатылған болса, оны енгізу керек болмайды.
ЕСКЕРІМ: Факс жіберілген кезде, алдымен ол сканерленеді және жадқа сақталады. Бүкіл
құжат сақталғаннан кейін ол жіберіліп, содан кейін жадтан жойылады. Нөмір бос
болмағандықтан немесе жауап бермегендіктен жіберілмеген факстар жадтан жойылады. Егер
Redial On Busy (Нөмір бос болмаса, қайта теру) немесе Redial On No Answer (Жауап
болмағанда қайта теру) мүмкіндіктері орнатылса, факс барлық қайталаулар сәтсіз аяқталғанша
немесе факс сәтті жіберілгенше жойылмайды.
Нөмірлерді қолмен енгізу арқылы факс жіберу
1. Құжатты құжат бергішіне немесе сканер
әйнегіне салыңыз.
2. Басты экрандағы Факс түймесін түртіңіз.
Сізден пайдаланушы аты мен құпия сөзді
енгізу сұралуы мүмкін.
3. Қосымша параметрлер түймешігін түртіңіз.
Параметрлер түпнұсқаның параметрлеріне
сай екенін тексеріңіз. Барлық параметрлер
орнатылғанда, негізгі Факс экранына
жылжу үшін жоғары көрсеткіні түртіңіз.
KKWW
Факсты пайдаланыңыз
117










