HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
5. Факс экранына оралу үшін OK түймесін түртіңіз.
6. Факсты жіберу үшін Бастау түймесін түртіңіз. Сенсорлы экрандағы Бастау түймесін түртуге
немесе басқару тақтасындағы жасыл Бастау түймесін түртуге болады.
Факсты болдырмау
Ағымдағы факсты тасымалдаудан бас тарту
▲
Факстың Күй экранында Тапсырмадан бас тарту түймесін түртіңіз.
–немесе–
Басқару тақтасында қызыл Тоқтату түймесін түртіңіз.
Тапсырма доғарылды. хабары көрсетілгенде OK түймесін түртіңіз.
Факс тапсырмасынан бас тартуды аяқтау және факс экранына оралу үшін OK түймесін
түртіңіз.
Күтудегі факстардан бас тарту
1. Басты экранда Факс тапсырмасының күйі түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
2. Факс тапсырмасының күйі экранында бас тарту керек факс тапсырмасын түртіңіз.
3. Тапсырмадан бас тарту түймешігін түртіңіз.
4. Осы тапсырмадан бас тарту керек пе? хабары бар экранда Иә түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Бас тарту әрекетін аяқтауға 30 секундқа дейін кетуі мүмкін.
Факстарды қабылдау
Факс жабдығы кіріс факстарды қабылдағанда басып шығару алдында жадқа сақтайды. Бүкіл
факс сақталғаннан кейін басып шығарылып, содан кейін жадтан жойылады. «Факстарды басып
шығаруды жоспарлау» қосылған болмаса, факстан қабылданған кезде басып шығарылады.
Егер «Факстарды басып шығаруды жоспарлау» қосылған болса, барлық кіріс факстар жадта
сақталады және басып шығарылмайды. «Факстарды басып шығаруды жоспарлау»
ажыратылған болса, барлық сақталған факстар басып шығарылады.
Факсты қабылдаудың әдепкі параметрлерін өзгертіп, факстарды қабылдау жолын өзгертуге
болады. Бұл параметрлер келесі параметрлерді қамтиды:
●
Жауап беру үшін қоңырау санын орнатыңыз
●
Факстарды күнді, уақытты және бет нөмірін басып шығару (мөр)
●
Кіріс қағаз науасын және мақсатты қалтаны таңдау
●
Факстарды басқа нөмірге қайта бағыттау
●
Белгілі бір нөмірлерден келетін факстарды бұғаттау
120 Бап 3 HP Color LaserJet CM 4540 MFP сериясы, HP Color LaserJet Enterprise M4555 MFP
сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 MFP сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP
сериясы және HP LaserJet Enterprise M725 MFP сериясы
KKWW










