HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
VoIP арқылы факс желілерін пайдалану
VoIP технологиясы аналогтық телефон сигналын сандық биттерге түрлендіреді. Содан кейін
олар интернетте тасымалданатын бумаларға жиналады. Бумалар мақсатты орында немесе
оған жақын қайтадан аналогтық сигналдарға түрлендіріліп, тасымалданады.
Ақпарат интернетте аналогтық емес, сандық түрде тасымалданады. Сондықтан, факсты
тасымалдауда аналогтық жалпы қолданыстағы телефон желісінен (PSTN) басқа факс
параметрлерін қажет етуі мүмкін әр түрлі шектеулер бар. Факс синхронизация мен сигнал
сапасына өте тәуелді, сондықтан, тасымалдау VoIP ортасына сезімталдау.
VoIP қызметіне қосулы кезде HP LaserJet аналогтық факс жабдығы 500 параметрлерінде келесі
өзгертулер ұсынылады:
●
Факс жылдамдығын тез (V.34) режиміне орнатып және қателерді түзету режимі (ECM)
қосулы күйде бастаңыз. V.34 протоколы VoIP желілерін үйлестіру үшін қажет тасымалдау
жылдамдығындағы кез келген өзгертулермен жұмыс істейді.
●
Факс жылдамдығы V.34 күйіне орнатылғанда көп қателер немесе қайталанатын әрекеттер
орын алса, V.34 күйін өшіріп, жылдамдықты орташа күйіне орнатыңыз (14 400 бит/с).
●
Егер қателер және қайталаулар жалғасса, төменірек факс жылдамдығын орнатыңыз,
өйткені кейбір VoIP жүйелері факспен байланысты жоғарырақ жылдамдықтағы
сигналдарды өңдей алмайды. Ең жоғары бод жылдамдығын 9 600 бит/с (баяу) деп
орнатыңыз.
●
Сирек жағдайларда, қателер қайталанса, өнімде ECM өшіріңіз. Сурет сапасы төмендеуі
мүмкін. Б
ұл параметрді пайдаланбас бұрын сурет сапасын EC
M үшін қабылдайтындай
деңгейде екеніне көз жеткізіңіз. Егер ECM өшіру қателерді жойса, жылдамырақ
тасымалдау жылдамдығын алу және ықтимал жақсырақ қателер деңгейін алу үшін
жылдамдықты 14 400 бит/с деп орнатыңыз.
●
Егер алдыңғы параметр өзгертулері VoIP факс сенімділігін жақсартпаса, анықтама алу
үшін VoIP провайдеріне хабарласыңыз.
128 Бап 3 HP Color LaserJet CM 4540 MFP сериясы, HP Color LaserJet Enterprise M4555 MFP
сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 MFP сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP
сериясы және HP LaserJet Enterprise M725 MFP сериясы
KKWW










