HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide

Кіріс факс қоңыраулары факс құрылғысы (ешбір факс анықталмайды) арқылы жауап берілмейді.
Себеп Шешім
Телефон желісі жұмыс істемей тұрған болуы мүмкін. Телефон ұясынан факс жабдығын ажыратып, телефонды
қосыңыз. Телефон желісінің жұмыс істеп тұрғанын
тексеру үшін телефонмен қоңырау шалып көріңіз.
Дауыстық хабарлар алмасу қызметі факс жабдығының
қоңырауларға жауап беруіне кедергі жасап тұруы мүмкін.
Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Хабар алмасу қызметін тоқтатыңыз.
Факс қоңырауларына арналған телефон желісін
қолданыңыз.
Факс жабдығына арналған жауап беру үшін қоңырау
санын дыбыстық поштаға арналған жауап беру үшін
қоңырау санынан төмен етіп азайтыңыз.
Факстардың берілуі немесе қабылдануы өте баяу.
Себеп Шешім
Көптеген сызбалары бар файл сияқты күрделі факсты
жіберіп жатқан болуыңыз мүмкін.
Күрделі факстарды жіберуге немесе қабылдауға
ұзағырақ уақыт кетеді.
Қабылдаушы факс машинасының модемінің
жылдамдығы төмен болуы мүмкін.
Факс жабдығы жіберетін факс машинасы қолдана алатын
ең үлкен модем жылдамдығында ғана факсты қабылдай
алады.
Жіберілген немесе алынатын факстың ажыратымдылығы
өте жоғары болуы мүмкін. Жоғарырақ ажыратымдылық
әдетте жақсырақ сапаны береді, бірақ ұзағырақ жіберу
уақытын талап етеді.
Факсты қабылдап жатсаңыз, факс жіберушіге
хабарласып, одан ажыратымдылық деңгейін төмендетуді
және факсты қайта жіберуді сұраңыз. Егер жіберіп
жатсаңыз, ажыратымдылықты азайтып, Мәтінді/суретті
оңтайландыру параметрін өзгертіңіз.
Суретті жақсарту параметрлері қосылған. Жоғарырақ
ажыратымдылық әдетте жақсырақ сапаны береді, бірақ
ұзағырақ жіберу уақытын талап етеді.
Суретті жақсарту параметрлерін ажыратып немесе
азайтып, факсты қайта жіберіңіз.
Нашар телефон желісінің қосылымы болса, факс
жабдығы мен қабылдайтын факс құрылғысының
жылдамдығы қателерді реттеу үшін баяулатылады.
Әрекетті тоқтатып, факсты қайта жіберіңіз. Телефон
компаниясынан телефон желісін тексеруді сұраңыз.
Факстар құралда басылып шығарылмайды.
Себеп Шешім
Баспа құралын салу науасында баспа құралы жоқ. Баспа құралдарын салыңыз. Салу науасы бос кезде
алынған факстар сақталып, науаға қағаз салынғаннан
кейін басылып шығарылады.
Факстарды басып шығаруды жоспарлау орнатылған. Егер факстарды басып шығаруды жоспарлау қосылған
болса, оны ажыратқанда факстар басып шығарылмайды.
134 Бап 3 HP Color LaserJet CM 4540 MFP сериясы, HP Color LaserJet Enterprise M4555 MFP
сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 MFP сериясы, HP LaserJet Enterprise 500 Color MFP
сериясы және HP LaserJet Enterprise M725 MFP сериясы
KKWW