HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide

Өнімнің қоршаған ортаға зиянсыздығын бақылау
бағдарламасы
Қоршаған ортаны қорғау
Hewlett-Packard компаниясы қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жолмен сапалы өнімдерді
шығаруды ұстанады. Бұл өнім қоршаған ортаға зиянды азайтатын бірнеше белгілермен
жобаланған.
Пластмасса
Ауырлығы 25 граммнан асатын пластмасса бөлшектер бұйымның пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін пластмассаның қайта пайдалануға жарамдылығын күшейтетін халықаралық
стандарттар бойынша белгіленген.
Материалдарға қойылатын шектеулер
Осы HP өнімінің құрамында сынап жоқ.
Осы HP өнімінің құрамында батарея жоқ.
Пайдаланушылар тарапынан қалдық жабдықты тастау
Бұл таңба өнімді басқа үй қоқысымен тастауға болмайтындығын білдіреді. Оның орнына
қалдық жабдықты пайдаланылған электрлік және электрондық жабдықтарды өңдеу үшін
жинайтын арнайы орынға тапсыру арқылы адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауыңыз
керек. Қосымша ақпарат алу үшін үй қоқысын тастау қызметіне хабарласыңыз немесе мына
торапқа өтіңіз:
www.hp.com/recycle.
Қосымша ақпарат алу үшін
Мынадай қоршаған ортаны қорғауға байланысты тақырыптар туралы ақпарат алу үшін:
Осы өнім және HP компаниясының көптеген байланысты өнімдері үшін қоршаған ортаны
қорғауына қатысты ақпарат парағы
HP компаниясының қоршаған ортаны қорғау туралы ұстанымы
HP компаниясынын қоршаған ортаны қорғау қатысты мәселелерді басқару жуйесі
HP компаниясының қызмет ету мерзімі біткен өнімдерді қайтару және қайта пайдалану
бағдарламасы
Материалдардың қауіпсіздігі туралы мәліметтер парақтары
154 Қосымша б Заңды ақпарат KKWW