HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
5. Қажет болса, пішімдегіштегі факс портын жауып тұрған жапсырманы алыңыз.
6. Факс жабдығын орамынан шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: Пішімдегіш тақтасында және факс жабдығының картасында
электростатикалық разрядқа сезімтал бөлшектер бар. Пішімдегіш тақтасын немесе факс
жабдығының картасын ұстағанда, төмендегідей статикалық токтан қорғанысты
пайдаланыңыз: 1) өнімнің металл жақтауына қосылған жерге қосатын білезік таспасы. 2)
пішімдегіштің металл жақтауын қолда ұстаңыз.
Пішімдегіш тақтасындағы немесе факс жабдығы картасындағы құрамдастарға тимеңіз.
7. Пішімдегіште факс жабдығының тірегін тауып, факс сымдарын тіректен босатыңыз. Факс
сымдарын пішімдегіштен ажыратпаңыз. Факс жабдығын тірекке қойыңыз. Факс жабдығы
тірекке берік отыруы үшін төмен басыңыз. Факс жабдығындағы телефон қосқышы
пішімдегіштің металл жақтауындағы тесікпен туралануын тексеріңіз.
8 Бап 2 HP Color LaserJet CM3530 MFP сериясы KKWW










