HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
Факс жабдығын телефон желісіне қосу
Факс жабдығын телефон желісіне қосқанда, факс жабдығы үшін пайдаланылып жатқан
телефон желісін басқа ешбір құрылғылар пайдаланып жатпағанын тексеріңіз. Сондай-ақ, бұл
желі аналогтық желі болуы керек, себебі сандық МАСТ жүйелеріне қосылған болса, факс дұрыс
жұмыс істемейді. Аналогтық немесе сандық телефон желісін пайдаланып жатқаныңызды
білмесеңіз, телекоммуникациялық қызметтер провайдеріне хабарласыңыз.
ЕСКЕРІМ: HP жабдықтың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін факс жабдығымен бірге
келген телефон сымын пайдалануды ұсынады.
Факс жабдығын телефон ұясына қосу үшін осы нұсқауларды орындаңыз.
1. Факс жабдығы жинағында бар телефон сымын табыңыз. Телефон сымының бір ұшын
факс картасындағы факс жабдығының телефон ұясымен жалғаңыз. Қосқышты сырт
еткенше басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Телефон желісін факс картасының ортасында орналасқан факс жабдығының
портына міндетті түрде қосыңыз. Телефон желісін пішімдегіштің төменгі жағына жақын
орналасқан HP Jetdirect портына қоспаңыз.
2. Телефон сымының екінші соңын қабырғадағы телефон ұясына қосыңыз. Қосқышты сырт
еткенше немесе берік отырғанша басыңыз. Әр түрлі елдерде/аймақтарда әр түрлі қосқыш
түрлері пайдаланылады, сондықтан қосқыш сырт еткен дыбыс шығармауы мүмкін.
Факс жұмысын тексеру
Факс жабдығы орнатылғанда және дұрыс жұмыс істеп тұрғанда, өнімнің басқару тақтасында
факс белгішесі көрсетіледі. Егер факс жабдығы жаңа ғана орнатылған, бірақ теңшелмеген
болса, факс белгішесі сұр болады. Егер бұл орын алса, факс жабдығын теңшеу үшін төмендегі
нұсқауларды орындаңыз.
Міндетті факс параметрлері
Факс жабдығы орнатылғаннан кейін қосалқы құралды пайдалану алдында белгілі бір
параметрлерді теңшеу керек. Егер бұл параметрлер теңшелмеген болса, факс белгішесі сұр
болады. Бұл параметрлер мыналарды қамтиды:
●
Күн және уақыт
●
Ел/аймақ
●
Факс тақырыбы (телефон нөмірі және компания атауы)
Бұл ақпарат бүкіл шығыс факстарда басылатын факс тақырыбында пайдаланылады.
ЕСКЕРІМ: Бірінші рет орнатқанда, факс жабдығы осы параметрлердің кейбіреулерін өнімнен
оқуы мүмкін, сондықтан, мән әлдеқашан орнатылған болуы мүмкін. Мәндердің орнатылғанын
және дұрыс екенін тексеру керек.
KKWW
Факс жабдығын телефон желісіне қосу
11










