HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide

ЕСКЕРІМ: АҚШ-та және көптеген басқа елдерде/аймақтарда, күнді, уақытта, елді/аймақты,
телефон нөмірін және компания атауын орнату — факсқа қойылатын заңды талап.
Факсты теңшеу шебері
Факсты теңшеу шебері факс мүмкіндігін пайдалану үшін қажет факс параметрлерін теңшеу
үшін қадамдық іс рәсімі бойынша нұсқау береді. Егер параметрлер теңшелмеген болса, факс
мүмкіндігі өшірулі болады. Төменде шеберді пайдаланып теңшелген факс параметрлерінің
тізімі берілген:
Ел/аймақ
Факс телефон кітабы
Компания атауы
Бұл ақпарат бүкіл шығыс факстарда басылатын факс тақырыбында пайдаланылады.
Бұл шебер өнімді бірінші рет қосқанда іске қосылады. Шеберді пайдалануды немесе
параметрлерді кейінірек теңшеу үшін шеберден шығуды таңдауға болады.
Сондай-ақ, шеберге басқару тақтасындағы Басқару мәзірі арқылы кіруге болады. Бастапқы
параметрлерді орнату мәзірін, одан кейін Факс параметрлері мәзірін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Басқару тақтасындағы шеберді пайдаланып теңшелген параметрлер ендірілген
веб-серверде жасалған кез келген параметрлерді қайта анықтайды.
Факсты реттеу мәзірі
Басқару тақтасындағы Басқару мәзіріне кіріп, қажет факс параметрлерін орнатыңыз. Бастапқы
параметрлерді орнату мәзірін, одан кейін Факс параметрлері мәзірін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер мәзір тізімінде Факс параметрлері мәзірі пайда болмаса, жергілікті желі факсы
қосулы болуы мүмкін. Жергілікті желі факсы қосулы кезде, аналогтық факс жабдығы өшіріледі
және «Факс» мәзірі көрсетілмейді. Бір уақытта тек бір факс мүмкіндігін, жергілікті желі факсын
немесе аналогтық факсты қосуға болады. Факс мүмкіндігі үшін факс белгішесі көрсетіледі. Егер
жергілікті факс қосулы кезде аналогтық факсты пайдаланғыңыз келсе, жергілікті желі факсын
ажырату үшін HP MFP сандық жіберу бағдарламалық құралын теңшеу қызметтік бағдарламасын
пайдаланыңыз.
Күн мен уақытты орнату немесе тексеру
Факс жабдығының күн мен уақыт параметрінің мәні өнімнің күн мен уақыт параметрінің мәнімен
бірдей. Егер бұл өнімді бірінші рет қосуыңыз болса, сізден осы ақпарат сұралады.
Күн және уақыт параметрлерін тексеру немесе өзгерту үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесіне жылжып, оны
түртіңіз.
2. Орнату параметрлері мәзірін көрсету үшін Бастапқы параметрлерді орнату түймесіне
жылжып, оны түртіңіз, одан кейін Факс параметрлері түймесін түртіңіз.
12 Бап 2 HP Color LaserJet CM3530 MFP сериясы KKWW