HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide

Факс параметрлері
Келесі бөлімдерде факстарды жіберу және алудың әр түрлі параметрлері туралы мәліметтер
берілген.
Факс жіберу параметрлері
Факс алу параметрлері
Факсты мұрағаттау және қайта жіберу
Факс жіберу параметрлері
Келесі мүмкіндіктерді теңшеу үшін «Факс жіберу параметрлерін орнату» мәзірін пайдаланыңыз:
Факс теру параметрлері
Жалпы факс параметрлері
Әдепкі тапсырма опциялары
Факс теру параметрлері
Модемнің дыбыс деңгейін орнату
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесіне жылжып, оны
түртіңіз.
2. «Бастапқы параметрлерді орнату» мәзірін көрсету үшін Бастапқы параметрлерді орнату
түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
3. «Факс параметрлерін орнату» мәзірін көрсету үшін Факс параметрлері түймесін түртіңіз.
4. «Факс жіберу параметрлері» мәзірін көрсету үшін Факс жіберу параметрлері түймесін
түртіңіз.
5. «Факсты теру дыбыс деңгейі» мәзірін көрсету үшін Факс үшін терудің дыбыс деңгейі
түймесін түртіңіз.
6. Дыбыс деңгейін орнату үшін Өшірулі; Төмен (әдепкі) немесе Жоғары түймесін түртіңіз.
7. Дыбыс деңгейі параметрін сақтау үшін Сақтау түймесін түртіңіз.
Теру режимін орнату
Теру режимі параметрі пайдаланылатын теру түрін орнатады: тондық (түймелік телефондар)
немесе импульстік (айналдыру дискісі бар телефондар).
Теру режимін орнату үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
KKWW
Факс параметрлері
17