HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide

4. Факс жіберу параметрлері түймесін түртіп, төмен көрсеткі пернесін пайдаланып Теру
сигналын анықтау түймесіне жылжыңыз.
5. Теру үнін анықтауды қосу үшін Қосулы (әдепкі) түймесін түртіңіз, ал теру үнін анықтауды
ажырату үшін Ажыратулы түймесін түртіңіз.
Қабаттасу тақырыбын орнату (шығыс факстар)
Тақырып күннен, уақыттан, компания атауынан, телефон нөмірінен және бет нөмірінен тұрады.
Ол шығыс факстарда беттің жоғарғы жағында басып шығарылады. Бұл параметр беттің
жоғарғы жағында тақырып қосылатынын немесе оның қабаттасу ретінде басып
шығарылатынын анықтайды. Егер беттің жоғарғы жағына тақырып қосылса, ол бет деректерін
төмен жылжытады, бұл беттің төменгі жағында деректерді басқа бетке жылжытып, қосымша
бет басып шығарылуы мүмкін. Егер тақырып қабаттасу түрінде басып шығарылса, ол ешбір бет
деректерін жылжытпайды, ал тақырып үстінде, беттің жоғарғы жағында басып шығарылады.
ЕСКЕРІМ: Факстың қайта бағыттау қосылғанда, тіпті қабаттасу қосылған болса да, тақырып
әрқашан беттің жоғарғы жағына қосылады.
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесін түртіңіз.
2. Әдепкі тапсырма параметрлері түймесіне жылжып, оны түртіңіз
3. Әдепкі факс параметрлері түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
4. Факс жіберу түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
5. Тақырып параметрлерін көру үшін Факс тақырыбы түймесін түртіңіз.
6. Тақырыпты қабаттасу ретінде басып шығару үшін Қабат түймесін түртіңіз, ал тақырыпты
беттің жоғарғы жағына қосу үшін Алдына қосу (әдепкі) түймесін түртіңіз.
7. Сақтау түймесін түртіңіз.
Теру префиксін орнату
Теру префиксі теру кезінде префикс нөмірін (мысалы, сыртқы желіге қол жеткізу үшін «9»)
енгізуге мүмкіндік береді. Бұл префикс нөмірі терген кезде телефон нөмірлерінің бәріне
автоматты түрде қосылады.
ЕСКЕРІМ: Префикс пен телефон нөмірі арасында кідірту қажет болуы мүмкін. 2–секундтық
кідіртуді кірістіру үшін үтірді (,) енгізіңіз.
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесіне жылжып, оны
түртіңіз.
2. Бастапқы параметрлерді орнату мәзірін ашу үшін Бастапқы параметрлерді орнату
түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
3. Факс параметрлерін орнату мәзірін ашу үшін Факс параметрлері түймесін түртіңіз.
4. Факс жіберу параметрлері түймесіне жылжып, теру префиксі параметрлерін көру үшін
Теру префиксі түймесін түртіп, төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз.
20 Бап 2 HP Color LaserJet CM3530 MFP сериясы KKWW