HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
5. Теру префикс нөмірін енгізу үшін Өзгертпелі түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Теру префиксін ажырату керек болса, Өшірулі (әдепкі) түймесін, Сақтау
түймесін түртіп, одан кейін қалған қадамдарды өткізіп жіберіңіз.
6. Сақтау түймесін түртіп, Теру префиксін орнату экранын ашыңыз.
7. Теру префиксінің нөмірі түймесін түртіңіз.
8. Пернетақтаны көрсету үшін мәтін ұясын түртіңіз.
9. Теру префиксі нөмірін теріңіз де, OK түймесін түртіңіз.
10. Сақтау түймесін түртіңіз.
Жалпы факс параметрлері
Келесі мүмкіндіктерді теңшеу үшін «Жалпы факс жіберу параметрлері» мәзірін пайдаланыңыз:
●
Факс нөмірін растауды белсендіру
●
JBIG қысу режимін орнату
●
Анықтық параметрін өзгерту
●
Фон параметрін өзгерту
●
Ашық/күңгірт параметрді өзгерту
●
Факс нөмірін жылдам теруді салғастыруды белсендіру
●
Қатені түзету режимін орнату
●
Шот ұсыну кодтарын орнату
Факс нөмірін растауды белсендіру
Факс нөмірін растау қосулы кезде, дұрыс енгізілуін қамтамасыз ету үшін факс нөмірін екі рет
енгізу керек. Бұл мүмкіндіктің әдепкі параметрі – Ажыратулы.
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесін түртіңіз.
2. Бастапқы параметрлерді орнату түймесіне жылжып, оны түртіңіз, одан кейін Жіберу
параметрлерін орнату түймесін түртіңіз.
3. Факс нөмірін растау түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
4. Қосу түймесін түртіңіз.
5. Сақтау түймесін түртіңіз.
JBIG қысу режимін орнату
JBIG қысуды қосу факсты тасымалдау уақытын азайту арқылы телефон қоңыраулары ақысын
төмендетеді, сондықтан, бұл — қысқа факс жіберу уақыттары үшін таңдаулы параметр. Бірақ,
KKWW
Факс параметрлері
21










