HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
JBIG кейбір ескірек факс құрылғыларымен үйлесімділік мәселелерін тудыруы мүмкін, бұл
жағдайда оны өшіру керек болуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: JBIG қысу жіберетін де, қабылдайтын да құрылғыларда осы параметр бар болғанда
ғана жұмыс істейді.
JBIG қысуды қосу немесе өшіру үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесіне жылжып, оны
түртіңіз.
2. Бастапқы параметрлерді орнату түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
3. Факс параметрлері түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
4. Факс жіберу параметрлері түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
5. Параметрлерді көру үшін JBIG қысу түймесін түртіңіз.
6. JBIG қысуды қосу үшін Қосулы (әдепкі) түймесін түртіңіз, ал JBIG қысуды өшіру үшін
Ажыратулы түймесін түртіңіз.
Анықтық параметрін өзгерту
«Анықтық» параметрі өнім түпнұсқаны сканерлегенде сканер пайдаланатын анықтықты
көрсетеді. Анықтық түпнұсқа жиектерін жақсартады, осылайша әлсіз немесе майда мәтін және
графика анығырақ етіп шығарылады. Анықтықты арттыру ажыратымдылықты арттырады, бұл,
сонымен бірге, тасымалдау уақытын арттырады.
1. Басқару тақтасында Факс белгішесін түртіп, «Факс» экранын көрсетіңіз.
2. Қосымша параметрлер түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
3. Суретті реттеу түймесіне жылжып, оны
түртіңіз.
4. Айқындық тақырыбының астында суреттің анықтығын азайту үшін сол жақ көрсеткіні
түртіңіз, ал анықтығын арттыру үшін оң жақ көрсеткіні түртіңіз.
5. Параметрді қабылдау үшін OK түймесін түртіңіз.
Фон параметрін өзгерту
Егер түсті қағазды басып шығарылған құжатты факспен жіберіп жатсаңыз, факс көшірмесінің
сапасын факста жолақтар немесе бұлдыр тудыруы мүмкін өңді жою арқылы жақсартасыз. Өңді
жою ажыратымдылықты арттырады, бұл, сонымен бірге, тасымалдау уақытын арттырады.
1. Басқару тақтасында Факс белгішесін түртіп, «Факс» экранын көрсетіңіз.
2. Қосымша параметрлер түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
3. Суретті реттеу түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
4. Өңдік тазалау тақырыбының астында өң параметрін өзгерту үшін сол жақ көрсеткіні
немесе оң жақ көрсеткіні түртіңіз.
5. Параметрді қабылдау үшін OK түймесін түртіңіз.
22 Бап 2 HP Color LaserJet CM3530 MFP сериясы KKWW










