HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide

Шот ұсыну кодтарын орнату
Қосулы кезде, төлем коды параметрі факс жібергенде пайдаланушыдан нөмірді енгізуді
сұрайды. Бұл нөмір төлем коды туралы есепке орналастырылады. Төлем коды туралы есепті
көру үшін есепті басып шығарыңыз немесе бағдарламаны пайдалана отырып оны сұраңыз.
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесіне жылжып, оны
түртіңіз.
2. Факс мәзірін ашу үшін Бастапқы параметрлерді орнату түймесіне жылжып, оны түртіңіз,
одан кейін Факс параметрлері түймесін түртіңіз.
3. Факс жіберу параметрлерін көру үшін Факс жіберу параметрлері түймесін түртіңіз.
4. Төлем коды параметрлерін көру үшін Төлем кодтары түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
5. Төлем кодтарын қосу үшін Өзгертпелі түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер төлем кодтарын ажырату керек болса, Өшірулі түймесін, Сақтау түймесін
түртіңіз, одан кейін қалған қадамдарды өткізіп жіберіңіз.
6. Сақтау түймесін түртіп, Төлем коды экранын ашыңыз.
7. Пернетақтаны көрсету үшін мәтін ұясын түртіңіз.
8. Төлем кодында болуы керек ең аз цифрлар санын теріңіз де, OK түймесін түртіңіз.
9. Сақтау түймесін түртіңіз.
Әдепкі тапсырма опциялары
Теңшеу үшін келесі әдепкі тапсырма параметрлері қол жетімді:
Суретті алдын ала қарау
Ажыратымдылық
Бастапқы жақтар
Хабарландыру
Мазмұн бағдары
Бастапқы өлшем
Суретті реттеу
Мәтінді/суретті оңтайландыру
Тапсырманы құру
Бос беттер тастап кету
ЕСКЕРІМ: Әдепкі тапсырма параметрлері бүкіл факс әдістері, аналогтық, жергілікті және
интернет факсы арасында бөлінеді.
24 Бап 2 HP Color LaserJet CM3530 MFP сериясы KKWW