HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
6. Апта сайынғы факс оқиғасын жоспарлау экранын ашу үшін жасыл қосу белгісін түртіңіз.
7. Факсті басып шығару режимі түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
8. Факсты басып шығару режимін таңдаңыз:
●
Факстарды басып шығаруды ажырату және бүкіл қабылданған факстарды жадқа
сақтау үшін Барлық қабылданған факстерді сақтау түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
●
Барлық сақталған факстарды басып шығаруға және барлық факстарды қабылданған
мезетте басып шығаруға рұқсат ету үшін Барлық қабылданған факстерді басып
шығару түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
●
Факстарды басып шығаруды автоматты түрде қосу және өшіру үшін факс басып
шығару кестесін пайдалану мақсатында Факсты басып шығару кестесін пайдалану
түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
9. Шығу үшін Сақтау түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Факс басып шығару және факсты қайта бағыттау бірдей PIN кодын пайдаланады.
Егер факс қайта бағыттау үшін PIN кодын жасасаңыз, осы жерде сол PIN кодын пайдаланыңыз.
Кіріс факстарды бұғаттау
Құрсауланған телефон нөмірлерін жасау үшін факстарды құрсаулау тізімін пайдаланыңыз.
Құрсауланған телефон нөмірінен факс алынғанда, факс басып шығарылмайды және жадтан
бірден жойылады.
ЕСКЕРІМ: Факстарды құрсаулау тізімінде тек сандарды пайдалануға болады.
Сызықшықтарды немесе бос орындарды пайдаланбаңыз. Егер факс құрсауланған телефон
нөмірінен жіберілген болса және жіберуші нөмірде сызықшықты немесе бос орынды
пайдаланса, факс құрсауланбайды.
Бұғатталған факстар тізімін жасау
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесіне жылжып, оны
түртіңіз.
2. Бастапқы параметрлерді орнату түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
3. Факс параметрлері түймесін түртіңіз.
4. Факс қабылдау параметрлері түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
5. Құрсауланған факстар мәзірін ашу үшін Құрсауланған факс нөмірлері түймесіне жылжып,
оны түртіңіз.
6. Пернетақтаны қол жетімді ету үшін Құрсауланған нөмірді қосу түймесін түртіңіз.
7. Нөмірді теріп, OK түймесін түртіңіз.
8. Қосымша нөмірлер қосу үшін 5 және 6-қадамдарды қайталаңыз.
KKWW
Факс параметрлері
31










