HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide

6. Сандық пернетақтаны пайдаланып сұрауды алу нөмірін теріңіз де, Бастау түймесін
түртіңіз.
7. Енгізілген нөмір теріледі. Егер сақталған факс терілген факс машинасында ұсталып тұрса,
сол факс өнімге тасымалданып, басып шығарылады. Егер факс ұсталып тұрмаса, Факс
қол жетімді емес хабары көрсетіледі. Егер факс машинасы сұрау мүмкіндігін қолдамаса,
Сұрау жарамсыз қате туралы хабары көрсетіледі.
Әдепкі тапсырма опциялары
Теңшеу үшін келесі әдепкі тапсырма параметрлері қол жетімді:
Хабарландыру
Қабылданған факстарға мөр қою
Бетке шақтау
Paper Selection (Қағазды таңдау)
Шығыс қалтасы
Жақтары
ЕСКЕРІМ: Әдепкі тапсырма параметрлері бүкіл факс әдістері, аналогтық, жергілікті және
интернет факсы арасында бөлінеді.
Хабарландыру параметрлерін өзгерту
Хабарландыруда шығыс факстың күйі туралы хабарландыру уақыты және жолы таңдалады.
Бұл параметр тек ағымдағы факсқа қолданылады. Параметрді тұрақты түрде өзгерту үшін
әдепкі параметрді өзгертіңіз.
1. Басқару тақтасында Факс белгішесін түртіп, «Факс» экранын көрсетіңіз.
2. Қосымша параметрлер түймесін түртіңіз.
3. Хабарландыру түймесін түртіңіз.
4. Хабарландыру параметрін таңдаңыз:
Хабарландыруды өшіру үшін Ешбір түймесін түртіңіз.
Ағымдағы тапсырма үшін хабарландыруды қосу үшін Осы тапсырма түймесін түртіңіз.
Тек ағымдағы тапсырма үшін қате туралы хабарландыруды қосу үшін Қосу қатесі
түймесін түртіңіз.
5. Басып шығарылған хабарландыруды алу үшін Басып шығару түймесін түртіңіз немесе
электрондық пошта хабарландыруын алу үшін Электрондық пошта түймесін түртіңіз.
6. Егер Басып шығару параметрін таңдасаңыз, хабарландыру параметрлерін орнатуды
аяқтау үшін OK түймесін түртіңіз.
–немесе–
KKWW
Факс параметрлері
33