HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесіне жылжып, оны
түртіңіз.
2. Әдепкі тапсырма параметрлері түймесін түртіңіз.
3. Әдепкі факс параметрлері түймесін түртіңіз.
4. «Факс қабылдау» мәзірін көрсету үшін Факсты қабылдау түймесін түртіңіз.
5. «Факстың қағаз науасы» мәзірін көрсету үшін Факс қағазының науасы түймесін түртіңіз.
6. Қабылданған факстар үшін пайдаланылатын науа атауын түртіңіз.
7. Қағаз науасының мәнін сақтау үшін Сақтау түймесін түртіңіз.
Факсты мұрағаттау және қайта жіберу
Бүкіл кіріс факстардың, бүкіл шығыс факстардың мұрағаттық көшірмелерін немесе екеуін де
көрсетілген электрондық пошта мекенжайына сақтау үшін факстарды мұрағаттау мүмкіндігін
пайдаланыңыз.
Бүкіл қабылданған факстарды, бүкіл шығыс факстарды немесе екеуін де басқа факс нөміріне
қайта бағыттау үшін факстарды қайта бағыттау мүмкіндігін пайдаланыңыз. Факсты қайта
бағыттау қосулы кезде, қабылдайтын өнім факсты басып шығарады (егер факсты басып
шығару ажыратылған болса, факс басып шығару қосылғанда басып шығарылады), сондай-ақ,
факсты факстарды қайта бағыттау нөміріне қайта бағыттайды.
ЕСКЕРІМ: Электрондық пошта мекенжайына мұрағаттау мүмкіндігін пайдалану үшін өнімде
SMTP сервері теңшелген және жауап беретін болуы керек. SMTP серверін теңшеу туралы
ақпаратты өнімнің пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
Факстарды мұрағаттау
Бүкіл кіріс факстардың, бүкіл шығыс факстардың немесе екеуінің де мұрағаттық көшірмелерін
сақтауға болады. Баламалы факс нөміріне немесе электрондық пошта мекенжайына
көшірмелерді жіберуге болады. Бұл мүмкіндікті теңшеу үшін енгізілген веб-серверді
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Электрондық пошта мекенжайына мұрағаттау мүмкіндігін пайдалану үшін өнімде
SMTP сервері теңшелген болуы керек. Осы мүмкіндік қосулы кезде факс жіберу немесе
қабылдау үшін SMTP сервері жауап беретін болуы керек. SMTP серверін теңшеу туралы
ақпаратты өнімнің пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
Факс мұрағаттау мүмкіндігін қосу
1. Өнімнің IP мекенжайын веб-браузердің адрес жолына енгізіп, енгізілген веб-серверді
ашыңыз.
2. Факс қойындысын басыңыз.
3. Құрылғы модемінің параметрлері аумағында Жетілдірілген түймесін басыңыз.
4. Жалпы аумағында Факсты мұрағаттау мүмкіндігін қосу құсбелгісін қойыңыз.
KKWW
Факс параметрлері
35










