HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
17 Алушылар тізімі
18 Алушы нөмірін енгізу өрісі - пернетақтаны түртіңіз немесе басқару тақтасындағы сандық пернетақтадан
енгізіңіз
1
1
Алушы нөмірін енгізу жолағы түймесін басқанда, қалқымалы терезе көрсетіледі. Онда PIN
нөмірін жасыратын арнайы жақшаларды ([ ]) қосуға арналған PIN коды түймесі және екі
секундтық кідірту үшін үтірді кірістіруге арналған Үзіліс түймесі болады.
Cурет 2-2 Алушы нөмірін енгізу өрісі
Факсты жіберу
Факс жіберу үшін нөмірлерді енгізудің үш негізгі әдістерінің біреуін пайдалануға болады:
●
Нөмірлерді қолмен енгізу.
●
Нөмірлерді жылдам теруді пайдаланып енгізу.
●
Телефон кітапшасын пайдаланып нөмірлерді енгізіңіз (тек HP MFP сандық жіберу
бағдарламалық құралын теңшеу қызметтік бағдарламасы орнатылған болса және телефон
кітапшасы толтырылған болса ғана қол жетімді).
ЕСКЕРІМ: Факс жіберу туралы желілік ақпарат алу үшін анықтама мәзірін ашу экранында ?
белгісін түртіңіз де, анықтама бөлімдері тізімінің астында Факсты жіберу түймесін түртіңіз.
Телефон нөмірін сандық пернетақтадан енгізгенде, барлық кідіртулерді немесе басқа
нөмірлерді қосыңыз, мысалы, аймақ кодтары, МАТС жүйесінен тыс нөмірлерге қол жеткізу
кодтары (әдетте 9 немесе 0) немесе ұзақ қашықтық префиксі. Екі секундтық кідіртуді үтірді (,)
теру арқылы қосуға болады. Үтірді енгізу үшін Үзіліс түймесін басыңыз. Егер факс префиксі
параметрі теру префиксін автоматты түрде қосуға орнатылған болса, оны енгізу керек
болмайды.
KKWW
Факсты пайдаланыңыз
39










