HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
ЕСКЕРІМ: Қажет болса, үтірді (,) енгізіп префикс нөмірден (мысалы, «9» немесе «0») екі
секундтық кідіртуді қамтамасыз етіп, ішкі телефон жүйесіне нөмірдің қалған бөлігі терілмей
тұрып сыртқы желіге қол жеткізуге мүмкіндік беріңіз. Үтірді енгізу үшін басқару тақтасында
Үзіліс түймесін басыңыз.
Алушының нөмірінің бөлігі ретінде PIN кодын енгізу үшін басқару тақтасындағы сандық
пернетақтаны пайдаланыңыз. Факс алушылары өрісін, содан кейін PIN коды түймесін
түртіңіз. Бұл сол жақ жақшаны ([) кірістіреді. PIN кодын теріңіз де, PIN коды түймесін
қайтадан түртіп оң жақ (]) тік жақшаны кірістіріңіз. Жақшалар ішіндегі сан факс есептерінде
көрсетілетін факс нөмірінде көрсетілмейді.
6. Факсты жіберу үшін Бастау түймесін түртіңіз. Сенсорлы экрандағы Бастау белгішесін
түртуге немесе басқару тақтасындағы жасыл Бастау түймесін басуға болады.
7. Егер факс алушының нөмірі бір немесе бірнеше сақталған жылдам терулерге сәйкес
болса, сәйкестігі анықталған жылдам терулер көрсетіледі және сізден көрсетілген
алушы(лар)ға факс жіберуді жалғастырғыңыз келетін-келмейтіні сұралады. Нөмірді растау
және факсты жіберу үшін Иә түймесін түртіңіз немесе факстан бас тарту үшін Жоқ
түймесін түртіңіз. «Факс нөмірін жылдам теруге сәйкестендіру» мүмкіндігі ажыратылған
болса, бұл қадам қажет емес екенін ескеріңіз.
Егер факс алушының нөмірі сақталған жылдам терулердің ешқайсысына сәйкес болмаса,
нөмірді растау экраны пайда болады және факс нөмірін қайта теру керек. Факсты қайта
теруден кейін факсты жіберу үшін OK түймесін түртіңіз. «Факс нөмірін растау» мүмкіндігі
ажыратылған болса, бұл қажет емес екенін ескеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер «Параметрлер» экранында параметрлерге қандай да өзгертулер енгізсеңіз
(мысалы, хабарландыруды немесе 1-жақтыдан 2-жақтыға өзгерту), «Ағымдағы параметрлерді
сақтау керек пе?» деп сұрайтын «Тапсырманы өңдеу» экраны көрсетіледі. Егер Иә түймесін
бассаңыз, өнім «Факс» экранына оралады және орнатылған параметрлер сақталады. Бұл
бірдей параметрлерді пайдаланып басқа факсты жіберуге мүмкіндік береді. Егер Жоқ түймесін
бассаңыз, параметрлер өшіріледі (әдепкі мәндеріне қайтарылады) және өнімнің бастапқы
экраны көрсетіледі.
Жылдам теруді пайдаланып факс жіберу
ЕСКЕРІМ: Жылдам теруді пайдаланып факс жіберу алдында жылдам теруді жасау керек.
Жылдам теруді жасау үшін
Жылдам терулер тізімін жасау 44-бетте бөлімін қараңыз.
1. Құжатты құжат бергішіне немесе сканер әйнегіне салыңыз.
2. Басқару тақтасында Факс белгішесін түртіп, «Факс» экранын көрсетіңіз.
3. «Жылдам теру» экранын көрсету үшін Жылдам терулер түймесін түртіңіз.
4. Пайдаланылатын тез теру аты үшін Жылдам теру санын түртіңіз. OK түймесін түртіңіз.
5. Жылдам теру «Факс» экранының Факс алушылары бөлімінде пайда болады.
6. Факсты жіберу үшін Бастау түймесін түртіңіз. Сенсорлы экрандағы Бастау түймесін түртуге
немесе басқару тақтасындағы жасыл Бастау түймесін түртуге болады.
KKWW
Факсты пайдаланыңыз
41










