HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide

Жылдам теру тізімінде аттары бойынша іздеу
Бұл мүмкіндікті бар жылдам теруді аты бойынша іздеу үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер жылдам терудің бірегей атын білмесеңіз, тізімнің кез келген бөлігін таңдау
үшін әріпті теріңіз. Мысалы, Н әрпінен басталатын жылдам теру нөмірлерін көру үшін Н әрпін
теріңіз. Егер сәйкес жазбалар жоқ болса, іздеу Н әрпіне ең жақын жазбаны көрсеткенше хабар
пайда болады.
1. Басқару тақтасында Факс белгішесін түртіп, «Факс» экранын көрсетіңіз.
2. Жылдам теру іздеуі түймешігін түртіңіз. Бұл түйме үлкейту әйнегі сияқты және Жылдам
теру түймесінің оң жағында орналасқан.
3. Ізделетін жылдам теру атының бірінші әріптерін теріңіз. Сәйкестіктер табылғанда, іздеу
экранының жоғарғы жағындағы тізім толтырылады. Қажет болса, барлық жазбаларды көру
үшін жылжыңыз немесе іздеуді тарылту үшін қосымша әріптерді теріңіз.
4. Тізімнен тиісті атты таңдап, OK түймесін түртіңіз. Негізгі факс экранындағы жылдам теру
таңдалған жазбаны тізімнің жоғарғы жағында көрсетеді.
5. Алушылар тізіміне қосу үшін таңдалған жазбаны түртіңіз.
6. Қажетінше қосымша аттарды таңдаңыз немесе іздеңіз.
Телефон кітабындағы нөмірлерді пайдаланып факс жіберу
Факс телефон кітапшасы өнім HP MFP сандық жіберуді теңшеу бағдарламасын пайдалануға
теңшелгенде қол жетімді. Егер өнім осы бағдарламаны пайдалануға теңшелмеген болса,
«Телефон кітапшасы» түймесі көрсетілмейді. Өнімді HP MFP сандық жіберуді теңшеу
бағдарламасымен бірге пайдалануға теңшеу үшін HP MFP сандық жіберу бағдарламалық
құралының пайдаланушы нұсқаулығын немесе HP MFP сандық жіберу бағдарламалық
құралының қолдау нұсқаулығын қараңыз. Ол
www.hp.com/go/digitalsending бетінде қол
жетімді.
Сондай-ақ, HP MFP сандық жіберуді теңшеу бағдарламасынан «Аутентификация» қосылғанда,
телефон кітапшасында Microsoft® Exchange контакт тізіміндегі жеке факс нөмірлері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Факс нөмірлерін телефон кітапшасына қосуды немесе одан жоюды осы
құрылғыдан орындау мүмкін емес. Факс нөмірлерін тек сандық жіберу серверіндегі
мекенжайлық кітап реттегішін (ABM) немесе контактілер тізіміндегі жазбаларды өзгерту арқылы
қосуға немесе жоюға болады.
ЕСКЕРІМ: Егер «Параметрлер» экранында параметрлерге қандай да өзгертулер енгізсеңіз
(мысалы, хабарландыруды немесе 1-жақтыдан 2-жақтыға өзгерту), «Ағымдағы параметрлерді
сақтау керек педеп сұрайтын «Тапсырманы өңдеу» экраны көрсетіледі. Егер Иә түймесін
бассаңыз, өнім «Факс» экранына оралады және орнатылған параметрлер сақталады. Бұл
бірдей параметрлерді пайдаланып басқа факсты жіберуге мүмкіндік береді. Егер Жоқ түймесін
бассаңыз, параметрлер өшіріледі (әдепкі мәндеріне қайтарылады) және өнімнің бастапқы
экраны көрсетіледі.
1. Басқару тақтасында Факс белгішесін түртіп, «Факс» экранын көрсетіңіз.
2. «Мекенжай кітабы» экранын көрсету үшін Мекенжайлық кітап белгішесін түртіңіз.
42 Бап 2 HP Color LaserJet CM3530 MFP сериясы KKWW