HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
3. Ашылмалы мәзірде телефон кітапшасының көзін таңдаңыз.
4. Аттарды түртіп бөлектеп, бөлектелген аттарды «Факс алушылар» бөліміне жылжыту үшін
Оң жақ көрсеткі белгішесін түртіңіз.
5. «Факс» экранына оралу үшін OK түймесін түртіңіз.
6. Факсты жіберу үшін Бастау түймесін түртіңіз. Сенсорлы экрандағы Бастау түймесін түртуге
немесе басқару тақтасындағы жасыл Бастау түймесін түртуге болады.
DSS факс телефон кітапшасында іздеу
Сандық жіберу қызметі (DSS) және мекенжайлық кітап реттегіші (ABM) арқылы қамтамасыз
етілетін факс телефон кітапшасында атты іздеуді орындау үшін факс телефон кітапшасында
іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
HP веб-сайтын тексеріп, өнім үшін микробағдарлама жаңартулары қол жетімді ме, соны
анықтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер DSS пайдаланып жатпасаңыз, факс телефон кітапшасы өнім дисплейінде
көрсетілмейді. DSS телефон кітапшасы мен жылдам терулер тізімі бірдей емес.
1. Дисплейде Факс белгішесін түртіңіз.
2. Телефон кітабы белгішесін түртіңіз (факс алушылар жолағының оң жағында орналасқан).
3. Телефон кітапшасының көзін немесе телефон кітапшасы экранының жоғарғы жағындағы
ашылмалы мәзірде Барлығы параметрін таңдаңыз.
4. Телефон кітапшасы тізімінде алушының атын таңдаңыз.
Ұзақ тізімдер үшін, атты іздеу телефон кітапшасы экранының төменгі жағындағы Іздеу
белгішесін (үлкейту әйнегі) басқанда қол жетімді. Іздеу экранында аттың бірінші әрпін
немесе әріптерін теріңіз, әріптерді терген кезде сәйкес алушылар пайда болады. Іздеуді
одан әрі нақтылау үшін қосымша әріптерді теріңіз. Экранның жоғарғы жағындағы ат(тар)
арасында таңдаңыз да, OK түймесін түртіңіз. Экран факс телефон кітапшасына оралады.
5. Таңдалған атты факс алушылар тізіміне енгізу үшін оң көрсеткіні түртіңіз.
6. «Факс жіберу тапсырмасы» экранына оралу үшін OK түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Факс мекенжайлық кітабында мазмұнды жасау/қосу үшін мекенжайлық кітап
реттегішін (DSS бөлігі) пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жергілікті факс телефон кітапшасын енгізілген веб-серверге импорттау/экспорттау
үшін енгізілген веб-сервер құжаттамасын қараңыз.
KKWW
Факсты пайдаланыңыз
43










