HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
8. Сандық пернетақтаны пайдаланып жаңа PIN кодын (кемінде төрт сан) теріңіз де, OK
түймесін түртіңіз.
9. Сандық пернетақтаны пайдаланып жаңа PIN кодын растаңыз да, OK түймесін түртіңіз.
10. Қайтадан OK түймесін түртіңіз.
VoIP арқылы факс желілерін пайдалану
VoIP технологиясы аналогтық телефон сигналын сандық биттерге түрлендіреді. Содан кейін
олар интернетте тасымалданатын бумаларға жиналады. Бумалар мақсатты орында немесе
оған жақын қайтадан аналогтық сигналдарға түрлендіріліп, тасымалданады.
Ақпарат интернетте аналогтық емес, сандық түрде тасымалданады. Сондықтан, факсты
тасымалдауда аналогтық жалпы қолданыстағы телефон желісінен (PSTN) басқа факс
параметрлерін қажет етуі мүмкін әр түрлі шектеулер бар. Факс синхронизация мен сигнал
сапасына өте тәуелді, сондықтан, тасымалдау VoIP ортасына сезімталдау.
Егер МАТС немесе орталықтандырылған телефон жүйесінің бөлігі ретінде VoIP пайдалансаңыз,
факс мүмкіндігі телефон жүйесін ретрансляция режимі емес, транзиттік режимге орнатылғанда
сенімдірек. Бұл параметрді тексеру үшін жүйелік әкімшіге хабарласыңыз.
VoIP қызметіне қосулы кезде HP LaserJet аналогтық факс жабдығы 500 параметрлерінде келесі
өзгертулер ұсынылады:
●
Факс V.34 режиміне орнатылған және қателерді түзету режимі (ECM) қосулы күйде
бастаңыз. V.34 протоколы VoIP желілерін үйлестіру үшін қажет тасымалдау
жылдамдығындағы кез келген өзгертулермен жұмыс істейді.
●
Егер құрылғы V.34 деп орнатылғанда көп қателер немесе қайталаулар орын алса, V.34
өшіріп, ең көп бод жылдамдығын 14 400 бит/с деп орнатыңыз.
●
Егер қателер және қайталаулар жалғасса, төменірек факс жылдамдығын орнатыңыз,
өйткені кейбір VoIP жүйелері факспен байланысты жоғарырақ жылдамдықтағы
сигналдарды өңдей алмайды. Ең көп бод жылдамдығы — 9 600 бит/с.
●
Сирек жағдайларда, қателер қайталанса, өнімд
е
ECM өшіріңіз. Сурет сапасы төмендеуі
мүмкін. Бұл параметрді пайдаланбас бұрын сурет сапасын ECM үшін қабылдайтындай
деңгейде екеніне көз жеткізіңіз. Егер ECM өшіру қателерді жойса, жылдамырақ
тасымалдау жылдамдығын алу және ықтимал жақсырақ қателер деңгейін алу үшін
жылдамдықты 14 400 бит/с деп орнатыңыз.
●
Егер алдыңғы параметр өзгертулері VoIP факс сенімділігін жақсартпаса, анықтама алу
үшін VoIP провайдеріне хабарласыңыз.
KKWW
Факсты пайдаланыңыз
47










