HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Fax Guide
●
Беттердің саны
●
Нәтиже (сәтті жіберілді, күтуде немесе жіберілмеді, бұл қате түрі мен кодын қамтиды)
Дерекқор соңғы 500 факс жазбасын сақтайды (ескірек факстар журналдан жойылады).
Дерекқордың факс жазбалары кез келген факс сеансын жазба ретінде қосады. Мысалы, факс
сеансы жіберілген факс, қабылданған факс немесе шағын бағдарламаны жаңартулар болуы
мүмкін. Әрекетке байланысты, есепте 500-ден азырақ жазба болуы мүмкін (тек егер ешбір
факстарды қабылдаусыз немесе басқа әрекетті аяқтаусыз 500 факсты жіберген болмасаңыз).
Егер журналды жазбаларды сақтау мақсатында пайдаланғыңыз келсе, журналды кезеңді түрде
(кемінде 500 факс) басып шығарыңыз да, тазалаңыз.
Факс жұмыстарын тіркеу журналын басып шығару үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесіне жылжып, оны
түртіңіз.
2. Ақпарат түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
3. Факс есептері жылжып барып, түртіп, содан кейін Факс әрекеті журналы түймесін түртіңіз.
(Есепті басып шығарады)
Шот ұсыну коды туралы есепті басып шығару
Төлем коды туралы есеп — төлем кодында тізілген, сәтті жіберілген соңғы 500 факстың тізімі.
Бұл есепте келесі ақпарат беріледі.
●
Төлем кодының нөмірі
●
Сәтті жіберілген барлық факстардың күні мен уақыты
●
Идентификациялық нөмір
●
Ұзақтық (тұтқа алынған уақыт)
●
Жіберілген бет саны
●
Нәтиже (сәттілік)
Дерекқор соңғы 500 факсты сақтайды (ескірек факстар дерекқордан жойылады). Егер есепті
жазбаларды сақтау мақсатында пайдаланғыңыз келсе, есепті кезеңді түрде (кемінде 500 факс)
басып шығарыңыз да, тазалаңыз.
1. «Басқару» мәзірін ашу үшін басқару тақтасында Басқару белгішесіне жылжып, оны
түртіңіз.
2. Ақпарат түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
3. Факс есептері түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
4. Төлем кодтары туралы есеп түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
5. Есепті басып шығару үшін Басып шығару түймесін түртіңіз.
KKWW
Факс мәселелерін шешу
59










